Евразия24Таңдаулы жаңалықтарҚазақстандағы дәрілік заттар айналымы

Қазақстандағы дәрілік заттар айналымы

|

|

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды: «Қазақстанда 2024 жылы шілдеде енгізілген дәрілік заттарды таңбалау жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халыққа тегін беруге арналған дәрілік препараттардың коммерциялық секторда еркін сатылу фактілерін, әртүрлі субъектілер тарапынан таңбалау кодтарының қайта пайдаланылуын, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік заттардың сатылғанын анықтады. Тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі бірыңғай оператордың деректеріне сәйкес, жүйе мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен сатып алынып, халықты тегін қамтамасыз етуге арналған 15 мыңнан астам дәрілік зат бірлігінің сатылғанын тіркеген. «Сонымен қатар жүйеде 6,5 мыңнан астам таңбалау кодының қайта пайдаланылғаны — жиынтығында 385 мыңнан астам рет, сондай-ақ жарамдылық мерзімі өтіп кеткен 750-ден астам дәрілік препарат қаптамасының сатылу фактілері анықталды», — деп атап өтті компанияда (АҚ «Қазақтелеком», — ред.)».

Еуразия24 пікірі:

Цифрландырудың игілігі сол – ол жылдар бойы тамыр жайған талай күмәнді схемалардың бетін ашты. Бірақ одан не пайда? Еске сала кетсек, 2024 жылдың жазында Жоғары аудиторлық палата Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) 2022-2023 жылдардағы қызметін тексеріп, медициналық қызметтерді іс жүзінде көрсетілмесе де қағаз жүзінде тіркеу, Ұлттық қор қаражатын игермеу және медициналық қызметтер үшін Қор есебінен де, халықтың өз қалтасынан да екіжақты ақы алу фактілерін анықтады. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы ондаған миллиард теңгені құрады. Ал 2026 жылдың қаңтарында Қаржы министрі Мәди Такиев ӘМСҚ-ға жүргізілген ведомстволық аудит қорытындысын жариялағанда, тағы да осыған ұқсас олқылықтар сөз болды. Сондықтан «бұдан не өзгереді?» деген сауалымыз әбден орынды. «Қазақтелеком» жаппай заң бұзушылықтарды анықтады, ол жайында бүкіл ел құлағдар болды, бірақ «өткен іс өтті» емес пе? Себебі әңгіме өткен іс-әрекеттерге қатысты болып отыр: біреуге тегін дәрі жетпей қалса, енді біреу мерзімі өткен препараттармен емделген шығар. Бағымызға орай, «Қазақтелеком» бірыңғай оператор ретінде жаңа аналитикалық платформаны таныстырды. Бұл жүйе әрбір дәрі қорабының өндірістен бастап, импорт, дистрибьюция және бөлшек саудаға дейінгі бүкіл жолын нақты уақыт режимінде бақылап, күмәнді жайттар мен заң бұзушылықтарды дереу анықтауға мүмкіндік береді. Енді осы алдын алу шараларының алғашқы нәтижелері қашан жарияланар екен?

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Украина елшісінің мәлімдемесі және КҚК төңірегіндегі дау: энергетикалық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі ме?

Украина елшісінің мәлімдемелері контекстен үзіп алынғандай әсер қалдырмауы үшін оның толық сұхбатымен танысқан жөн. Дегенмен басылымның украиналық тараптың мұнай танкерлеріне жасалған шабуылдарына қатысты сауалына дипломат мынадай жауап берген

Қайта сатудың «экономикалық ғажайыбы»

Economykz.org талдамалық арнасы хабарлағандай, Қазақстан Экономикалық күрделілік индексінде 55-орынға көтерілді. Harvard Growth Lab Экономикалық күрделілік индексінің (Economic Complexity Index, ECI) жаңартылған нәтижелерін жариялады.

Жымқыру ма, әлде жалған кәсіпкерлік пе?

Мәжілістің жалпы отырысында Энергетика вице-министрі мен депутат арасында өткір пікірталас орын алды. Даудың негізгі себебі — Парламентке ұсынылған ақпараттың шынайылығына қатысты туындаған күмән.

Демографиялық көрсеткіш пен әлеуметтік ахуал: неке санының азаюы нені аңғартады?

Бірінші кредиттік бюро талдамалық арнасының мәліметінше, 2025 жылы жалпы некелесу коэффициенті Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі деңгейге жетіп, 5,62 көрсеткішін құрады. Бір жыл ішінде ол 0,51 тармаққа төмендеген.