Евразия24СаясатҚазақстанның үстімен кімдердің дрондары ұшып жүр?

Қазақстанның үстімен кімдердің дрондары ұшып жүр?

|

|

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров ОДКБ Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша берген сұхбатында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен өткен келіссөздер аясында бұл мәселе қозғалғанын растады: «Біз бұл жайтты назарға алдық және тиісті әскери әрі қауіпсіздік қызметтері арасында байланыс бар екенін айттық».

Еске салсақ, Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова 21 маусым күні жасаған мәлімдемесінде, 19–20 маусым аралығында Украина Қарулы күштеріне тиесілі ондаған ұшқышсыз ұшу аппараттары Батыс Қазақстан облысы арқылы ұшып өткенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, бұл дрондардың бағыты Ресей аумағына соққы жасау ниетімен байланысты болуы мүмкін.

«Ресей бұл әрекеттерді ОДКБға мүше әрі одақтас елге қарсы жасалған әрекет ретінде қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Захарова.

2025 жылдың ақпан-наурыз айларында Батыс Қазақстан аумағынан бір мезетте төрт белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты табылған кезде, еліміздіңбірде-бір мемлекеттік органы бұл дрондардың нақты кімге тиесілі екенінашып айтқан жоқ. Қорғаныс министрлігі БАҚ-та тергеу жүріп жатқаны, халықты сабырлыққа шақыру қажеттігі және еліміздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері шекарадағы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны жөнінде жалпы сипаттағы түсініктемелермен шектелді.

Бұл жағдай қоғамда үлкен пікірталас тудырды. Бір тарап бұл әрекетті Украина мен Қазақстанның қарым-қатынасын ушықтыру мақсатында Ресей ұйымдастырған деген нұсқаны ұсынды. Ал енді біреулер бұл украин дрондары Ресей аумағына бағытталғанымен, навигациялық қателік салдарынан Қазақстанға түсіп жатыр деген пікірде болды.

Алайда қай болжам болмасын Қазақстан халқын, әсіресе Батыс өңірінің тұрғындарын қанағаттандырмады. Олар ешкіммен соғысып жатқан жоқ, бірақ үйлерінің маңына әскери мақсаттағы ұшу аппараттары құлап жатыр.

Бұл жағдай Қорғаныс министрлігінің қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге, соның ішінде жаңа типтегі әскери технологияларға қарсы тұруға қауқарсыз екенін көрсетті. Сарапшылар осы олқылықтың салдары министр Руслан Жақсылықовтың қызмет кетуіне себеп болды деген пікірде.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.