Евразия24Күнбе күнТротуардағы қауіп: самокат жылдамдығы бақылауда болмай тұр

Тротуардағы қауіп: самокат жылдамдығы бақылауда болмай тұр

|

|

BES.media-ның хабарлауынша, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев кикшеринг қызметін ұсынатын компаниялар енді самокаттарды пайдаланушылар тарапынан жасалған құқық бұзушылықүшін жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді. Комитет төрағасы бұған дейін барлық кикшеринг компанияларының басшылары құқық қорғау органдарына самокаттар жаяу жүргінші жолымен қозғалған жағдайда жылдамдығы 6 км/сағ деңгейінен аспайтынына кепілдік бергенін еске салды. Алайда бұл талаптар орындалмаған. Осыған байланысты аталған компаниялардың басшыларына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, баршаңыз көріп жүргендей, самокаттар қолданылғаннан кейін кез келген жерде жатады. Бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, жалпы қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіреді. Сол себепті біз кикшеринг қызметін ұсынатын компаниялардың басшыларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, самокаттарды қоюға арналған арнайы тұрақ орындарын белгілеуді ұсындық. Алайда бұл жұмыс толық көлемде орындалған жоқ. Осыған байланысты, қазіргі уақытта біз тиісті шараларды қолға аламыз: барлық компания басшыларын жауапкершілікке тартатын боламыз», – деп атап өтті Қайсар Сұлтанбаев.

Евразия24 пікірі:

Полиция электросамокаттарды жалға беруші компанияларға жол қозғалысы тәртібін сақтау жөнінде қайта-қайта ескерту жасаудан шаршады. Енді қоғамдық самокаттарды басқару кезінде жол қозғалысы ережелері бұзылған жағдайда, жауапкершілік жүргізушілердің өзінен емес, кикшеринг компанияларынан сұралатын болады. Бұлсоңғы күндері шыққан ең маңызды әрі орынды жаңалықтардың бірі. 2023 жылы самокат заң жүзінде көлік құралы ретінде танылған кезде, мемлекет электросамокатты пайдалану тәртібі ретке келеді деген үміт артты. Рұқсат етілген жылдамдықтың 25 км/сағ деңгейінде шектелуі, тротуардағы қозғалыстың 6 км/сағ аспауы, жүргізуші куәлігінің болуы, сондай-ақ шлем мен жарық шағылыстырғыш элементтерді тағу міндеттемелері осы үмітке негіз болды. Полиция электросамокат жүргізушілеріне арнайы рейдтер ұйымдастырмаса да, жылдың басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1 500-ден астамдерегі тіркелген. Тротуарда жоғары жылдамдықпен жүйткіп жүргендер арасында ересектер де, балалар да бар — кейде бір самокатқа екі-үш адам мініп алады. Мұндай заңбұзушылық үшін жауапкершілікті кім көтеруі керек? Самокатты тікелей тізгіндеген адам ба, әлде оны жалға ұсынған компания ма? Әрине, кез келген көлік түрінің иесі сияқты, электросамокат иелері де жауапкершілікке тартылуы тиіс. Алайда, жолда өзін дұрыс ұстамайтын кейбір жүргізушілердің әрекетін кикшеринг компаниялары қалай бақылай алады? Бұлашық сұрақ. Бірақ дәл осы тұстақоғамдық кеңістіктіэлектронды көлікпен толтырыр, мәселені туындатқан тарап енді оны шешудің жолдарын да ұсынуы қажет.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан алтынына жаңа тәртіп

Ағымдағы жылдың қазан айының басына дейін Санкт-Петербург халықаралық тауар-шикізат биржасы (СПбМТСБ) алаңында физикалық алтынмен сауда-саттық басталуы тиіс. Жоспарға сәйкес, бұл алтын биржасы 2025 жылғы 1 қаңтарда іске қосылған Гонконг алтын биржасымен өзара іс-қимыл арқылы ұжымдық Батыстың алтын инфрақұрылымынан тәуелсіз бағалы металл бағасын қалыптастыру тетігін құруы тиіс. Осыдан кейін Қазақстанда өндірілетін алтынмен сауда жасау шарттары да айтарлықтай өзгермек. Ресейде өз алтын биржасын құру қажеттігі туралы әңгіме бұрыннан айтылып келеді. Өйткені әлемдегі ең ірі алтын өндіруші елдердің қатарында екінші не үшінші орынды иеленетін мемлекет ретінде бұл стратегиялық тауардың бағасын қалыптастыруға белсенді ықпал ету — оның мәртебесіне сай келетін іс.

ЦАХАЛ Газа қаласының шеткері аудандарында ХАМАС позицияларына қарсы операцияларды жалғастыруда

Иерусалим. 27 тамыз. ИНТЕРФАКС – Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ)...

Сеул Польшаға танктер мен реактивті жүйелердің жаңа партиясын жеткізді

  Минск. 27 тамыз. ИНТЕРФАКС – Польша аумағына Оңтүстік Кореядан...

Оңтүстік Корея мен АҚШ әскері Сеул маңында өзеннен өту жаттығуын өткізді

Гонконг. 27 тамыз. ИНТЕРФАКС – Оңтүстік Корея мен АҚШ...