Евразия24Күнбе күнЖылусыз қалалар қаупі қайта төнді

Жылусыз қалалар қаупі қайта төнді

|

|

ҚР Үкіметі хабарлайды: Үкімет отырысы барысында Премьер-министр бірқатар өңірлерде жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталмауына байланысты туындаған тәуекелдерге ерекше назар аударды. Атап айтқанда, Ақмола облысындағы Степногорск ЖЭО-да резервтік қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталмаған. Маңғыстау облысындағы ЖЭО-2-де екі турбинаныжөндеу мерзімі кейінге шегерілген. Сондай-ақ, Ақтау қаласының жылужелілерін қайта жаңғырту жұмыстары баяу қарқынмен жүріп жатыр. Мұндай мәселелер барлық өңірлерде бар. Біз бірқатар өңір әкімдерінің есептерін тыңдадық. Жүргізіліп жатқан жұмысты барынша жеделдету қажет. Қалыптасқан жағдай жоспарлаудың әлсіздігін және әкімдердің тарапынан қатаң бақылаудың жоқтығын көрсетеді. Кейбір облыстарда қыс маусымына дайындық жөніндегі өңірлік штабтардың жұмысы әлсіз жүргізілуде. Тиісті үйлестіру мен бақылау болған жағдайда көптеген тәуекелдердің алдын алуға болар еді (…) Әкімдер жылу маусымына дайындық паспорттарын беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына тікелей қатысуы тиіс. Қысқы маусымға дайындық паспортысыз энергия кәсіпорындарының қызметіне жол берілмейді. Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларындағы энергия көздерінің жағдайы ерекше бақылауда болуы қажет. Егер жылыту маусымына дайындық паспортысыз кіретін жағдай анықталса, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деп атап өтті Премьер-Министр Олжас Бектенов.

Евразия24 пікірі:

Қазақстанда жылыту маусымына дайындық жыл сайын күтпеген қиындықтармен қатар жүреді. Бұл жағдай халық арасында әйгілі «черномырдин» қанатты сөзіне ұқсап барады: «мұндай ешқашан болмаған еді, енді міне, тағы да қайталанды!» 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындыларына арналған Үкіметтің есебін еске түсірейік. Онда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 12 жылу электр орталығының (ЖЭО) көрсеткіштері өзгергені айтылған: 9 нысан «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өтті, ал 3-еуі «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауысты. Нәтижесінде, «қызыл» аймақта қалған ЖЭО саны 10 болды (бұрын 19 еді), «сары» аймақта – 17 (бұрын 11), ал «жасыл» аймақта – 10 (бұрын 7). Олардың қатарында Екібастұз, Өскемен, Жезқазған, Балқаш, Атырау, Риддер, Кентау және басқа да жылу электр станциялары бар. Ерекше назар «МАЭК» ЖШС-нің жұмысына, Ақтау қаласының жылу желілеріне, сондай-ақ Степногорск пен Теміртаудағы жылу электр орталықтарына аударылған», – деп Үкімет сәуір айында хабарлады. Қазіргі таңда еліміздің алдағы қыс маусымына дайындығына қатысты күн тәртібінде тағы да осы аталған қалалар мәселесі тұр. Мәселенің жарты жылдың ішінде бірден шешулін күту шындыққа жанаспайды, өйткені әңгіме техникалық жағынан күрделі нысандарды қайта жаңғырту туралы болып отыр. Алайда жөндеу жұмыстарының созылуына технологиялық себеп емес, адами фактор әсер етсе, онда жауапкершілік мәселесін қатаң түрде қарау қажет. Бұрынғы «есеп үшін есеп беру» заманы өтті. Қазір бүтін бір қаланың қыс маусымынан аман шығуы – жауапсыздыққа жол берілмеуі тиіс басты мәселе.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Алматы ерекше шоуға дайындалуда: Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Qustar» аңызы жаңғырады

16 және 17 қыркүйекте Алматыдағы Республика сарайында ұлы композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мультимедиялық шоудың әлемдік премьерасы өтеді.  «Qustar» – жай концерт емес, Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық мұрасы негізінде жасалған және қазақ классиктерінің нақыл сөздеріне толы эксклюзивті бағдарлама. Көрермен қауымды халық аспаптары заманауи симфониялық дыбыстармен тоғысқан, ал көрнекі бейнелер бостандық пен қайрат нышаны туралы сыр шертетін 55 минуттық музыка, жарық және қозғалыс әлемін танытатын ерекше әсер күтеді.

«Еуразия-24» кибершабуылға ұшырады

Мұндай сәйкестіктер де болады: «Еуразия-24» «Орда» порталында Гүлнара Бажкенова баяндаған оқиғаның мән-жайына тереңірек үңіле бастағаны сол еді, біз де шабуыл нысанына айналдық. 2025 жылғы 20 тамыз күні кешке біздің ресурстарда зиянды белсенділік тіркелді. Кәсіби деңгейде ұйымдастырылған хакерлік шабуылдың нәтижесінде сервердегі eurasia24.media директориясындағы файлдар зиянды кодпен зақымданды. Бұл сервердің шамадан тыс жүктелуіне және істен шығуына әкелді. Алайда мәселе тек істен шығумен шектелмей, материалдардың елеулі бөлігіне залал келтірілді. Мұндай әрекет олардың қайтарымсыз жоғалуына есептелген болатын. Дегенмен, біздің білікті мамандарымыздың арқасында барлық деректер қалпына келтірілді, тіпті жойылды деп есептелген материалдар да сақталды. Күнделікті өмірде айтылатын «жақсылықтың жамандығы болмаса, жамандықтан да қайыр табылар» деген нақыл сөз біздің жағдайға дәл келетін сияқты. 

Қазақстан 2026 бюджетін Ұлттық қорсыз қалыптастыруда

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан Ұлттық қордың қаражатын бюджеттің кем-кетік тұстарын жамауға пайдалануды біртіндеп доғаруға бет алған сыңайлы. Бұл – Мемлекет басшысының қаржы-экономика блогына қойған талабының жеткенін көрсетеді. Дегенмен бұл бағытта нақты нәтижеге қол жеткізу – басқа мәселе. Себебі бюджет параметрлерін өзгертуге, жоспарланған мақсаттар орындалмай жатқан жағдайда, кез келген сәтте баруға болады. 2025 жылдың 26 тамызында Үкімет отырысында 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды.

Тоқаев ҚХР-ға сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, ШЫҰ саммитіне қатысады

  Астана. 26 тамыз. Интерфакс-Қазақстан – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...