Евразия24UncategorizedҚазақстан Қытайға жыл сайын 2 млн тоннаға дейін астық жеткізе алады –...

Қазақстан Қытайға жыл сайын 2 млн тоннаға дейін астық жеткізе алады – Президент

|

|

 

Астана. 2 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, республика жыл сайын Қытай нарығына 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттауға қауқарлы.

“Қазақстан егістік жер көлемі бойынша әлемде алтыншы орында және астық экспорттайтын ең ірі он елдің қатарына кіреді. Ел жыл сайын шетелге 10 миллион тоннадан астам бидай мен шамамен 2 миллион тонна ұн жөнелтеді. Қытай нарығы біз үшін аса маңызды. Қазақстан Қытайға жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін астық экспорттауға толық мүмкіндік пен әлеуетке ие”, – деді Мемлекет басшысы Бейжіңде өткен Қазақстан–Қытай Іскерлік кеңесінің отырысында.

Президенттің бұл мәлімдемесін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты.

Аграрлық өнім экспортынан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен бірлескен өңдеу өндірістерін дамытудың маңызын атап өтті. Ол қытайлық компанияларды органикалық және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы серіктестікке шақырды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...