Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарЭкономиканы ырықтандыру: квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларға шынайы бәсеке керек

Экономиканы ырықтандыру: квазимемлекеттік сектордағы сатып алуларға шынайы бәсеке керек

|

|

Экономист Руслан Сұлтанов былай деп жазады: «Президенттің “Экономиканы ырықтандыру туралы” Жарлығының орындалуын қайта қарастырып, оның негізгі бағыттарын кезең-кезеңімен талдап, оқырман назарына ұсынбақпын. Солардың бірі – “Самұрық-Қазына” қорының реттелетін сатып алу жүйесін қайта қарау. Мәселе – тек бәсекеге жол ашуда емес, ең алдымен, нарықты сыртқы ойыншыларға нақты үлестіре алуға қаншалықты дайын екенімізде. Бәсекелестікті қорғау агенттігінің мәліметінше, қордың «өз орбитасындағы» компаниялардан сатып алу үлесі 2021 жылғы 14 пайыздан 2024 жылдың алғашқы жартысында 66 пайызға дейін өскен. Қарама-қайшылық мынада: нарыққа бірінші кезекте шығарылуы тиіс қосалқы қызметтер сол күйі жабық қалды. Реформа символдық сипатта басталып, тек ІТ қызметтер мен демалыс орындары ғана бәсекеге берілді. Қалған бағыттардың бәрі “әлеуметтік тәуекел” деген жалпы сылтаумен шектелген. Алайда бұл ұғым – икемді болғанымен, шексіз емес. Мұндай тәуекелдерді басқару – қорған болу үшін емес, өзгеріс енгізу үшін қажет. Әйтпесе, дизель отыны делдалдар арқылы, ал ІТ жобалар ашық конкурссыз еншілес компанияларға беріліп жатқанда, “әлеуметтік тұрақтылық” деген сылтаумен реформадан жалтару орынды емес».

 

Евразия24 пікірі:

Экономист Руслан Сұлтановтың бұл сараптамалық мақаласын толығымен оқып шығуға кеңес береміз. Онда сарапшы ұлттық компаниялардың ішкі сатып алуларын нарықпен бөлісуге құлықсыз екенін нақты деректермен көрсетіп, мәселені жүйелі түрде тарқатады. Айта кету керек, бүгінде квазимемлекеттік сектор ел экономикасының 38 пайызын құрайды. Бұл дегеніміз – егер осы сектор шынайы бәсекеге есік ашса, жеке бизнес үшін мол мүмкіндік туар еді. Бірақ, өкінішке қарай, қазіргі таңда көптеген мемлекеттік компаниялар қолданыстағы ашықтық тетіктеріне тек формалды түрде қарайды. Сұлтановтың пайымынша, ең басты кедергі – реформадан емес, либерализациядан қорқу. Бұл үрей көп жағдайда ақылға қонымды шешімдерден басым түсіп отыр. «Нарықты ашуға уәде беруден реформа басталмайды. Нағыз өзгеріс – сол нарықта өзгелермен тең дәрежеде бәсекелесуге дайындықтан басталады. Егер қор шынымен либерализация бағытына бет алса, алғашқы қадам – жаңа стратегия емес, бұрын берілген артықшылықтарды ашық түгендеу болуға тиіс. Әйтпесе кез келген либерализация жәй ғана сылап-сипалған жиын хаттамасымен шектеледі», – деп түйіндейді сарапшы. Айтпақшы, егер «Самұрық-Қазына» қоры шынымен ашықтық жолына түссе, сол жолды бағалайтын жасанды интеллект – SK AI кеңес мүшесі қандай шешімге дауыс берер екен деген заңды қызығушылық туады

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.