Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарҚазақстан-2026: Жүйені кезең-кезеңімен жаңғырту

Қазақстан-2026: Жүйені кезең-кезеңімен жаңғырту

|

|

Саясаттанушы Андрей Чеботаревтың талдауы:

«Қазақстан-2026: жақын болашақта елдің саяси өмірінде қандай өзгерістер күтілуде? Оқиғалардың шамаланған хронологиясы төмендегідей:

Наурыздың екінші жартысы – маусым: Қолданыстағы Парламенттің конституциялық заңдар пакетін қарауы және қабылдауы.

1 шілде: ҚР жаңа Конституциясының ресми түрде өз күшіне енуі және қазіргі Негізгі Заң қолданысының автоматты түрде тоқтатылуы. Осымен бір мезгілде Парламенттің, Мемлекеттік кеңесшінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі тоқтатылады.

Шілде-тамыз: Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқаны. Сайлаудың өзі үстіміздегі жылдың 30 тамызында өтуі ықтимал. Осы кезеңде Халық Кеңесі де жасақталуы мүмкін.

4 немесе 7 қыркүйек: I шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясының ашылуы. Онда Президент халыққа кезекті Жолдауын арнап, оның ұсынысы бойынша Құрылтай төрағасы сайланады деп күтілуде.

Қыркүйек: Вице-президентті тағайындау және жаңа Үкіметті құру. Кадрлық ауыс-түйістер, сірә, ҚР Президенті Әкімшілігін, өзге де орталық мемлекеттік органдарды, өңір әкімдерін және дипломатиялық қызметті де қамтиды».

Еуразия24 пікірі:

Президенттің жаңа Конституцияға қол қойғанын ескерсек, сарапшының болжамы дәл келді деуге негіз бар. 2026 жыл Қазақстан үшін ауқымды саяси жаңғыру жылы болмақ. Конституциялық заңдарды қабылдаудан бастап, жаңа заң шығарушы органды іске қосуға дейінгі реформалардың өзіндік «жол картасы» дайын. Өзгерістердің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы белгісіздік деңгейін төмендетеді, бұл азаматтық қоғам үшін өте маңызды. Мемлекеттік институттардың жаңаруы — ескі модельді жай ғана қайта пішімдеу емес, іс жүзінде басқару жүйесін жаңа әлеуметтік және саяси шынайылыққа бейімдеу болып табылады. Бұл шешім қабылдау тиімділігін арттыруға жол ашады. Үкіметтен бастап әкімдер мен дипломаттарға дейінгі кадрлық құрамның синхронды түрде жаңаруы мемлекеттік басқару жүйесіне жаңа тұлғалар мен тың тәсілдерді әкеліп, элитаның нәтиже үшін жауапкершілігін күшейтетіні анық.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Грант иегерлерінің жартысынан астамы ғана жұмыспен өтеу міндетін орындауда

Қазақстанның салық төлеушілері сөреде шаң басып жататын диплом үшін біреулердің университетте 4-5 жыл (кейде одан да көп) тегін оқуын қаржыландырып отыр. Демек, кадр тапшылығын жоюға бағытталған гранттық қолдаудың түпкі мәні тек есеп үшін диплом дайындауға айналып кеткен бе?

Кабулдағы ауруханаға жасалған соққы салдарынан жүздеген адам қаза тапты – Ауғанстан билігі

Кабулда есірткіге тәуелділерге арналған оңалту орталығына жасалған соққы салдарынан 400 адам қаза тауып, 250 адам жарақат алды.

Молдоваға Еуроодақтан қосымша 189 млн еуро бөлінді

Еурокомиссия сейсенбі күні Молдоваға «Реформалар мен өсім» бағдарламасы аясында қосымша 189 млн еуро бөлінгенін хабарлады.

Ақ үй Ормуз бұғазы арқылы танкерлер қозғалысы біртіндеп қалпына келіп жатқанын мәлімдеді

Мұнай танкерлері Ормуз бұғазы арқылы қайта өте бастады, ал Иранның бұл бағыттағы кеме қатынасын шектеуге бағытталған әрекеттері АҚШ экономикасына зиян келтірмеді.