Евразия24Үздік бестікке енген ақпараттарУсть-Лугадағы жанжал қалай реттелді

Усть-Лугадағы жанжал қалай реттелді

|

|

PRO KADRY KZ хабарлайды: «Усть-Лугадағы жанжал реттелді: қазақстандық жұмысшыларға қатысты жағдай шешімін тапты. Ленинград облысындағы вахталық қызметкерлерге байланысты ахуал ресми түрде тұрақтандырылды. Құрылыс басшысы Саурбек Бекжанов оқиғаның мән-жайын түсіндіру мақсатында бейнеүндеу жариялады.

Ол жаппай төбелестің тұрмыстық негізде болғанын растады. Сонымен қатар: «Ешкім ауыр жарақат алған жоқ, ешкім мүгедек болып қалған жоқ», – деп атап өтті. Оқиға орнына Қазақстан Республикасының дипломаттары мен консулы жедел жетіп, барлық мәселелер заң шеңберінде шешілуде. Жағдайға қатысты Мемлекеттік Думаның депутаты Адам Делимханов та пікір білдірді. Оның айтуынша, қақтығыс тек тұрмыстық сипатта болған, оның ұлттық немесе діни астары жоқ және қазіргі таңда мәселе толықтай шешілді. Депутат барлық тараптар арасындағы келіссөздер нәтижесінде толық өзара түсіністікке қол жеткізілгенін айтып, мұндай оқиғаларды ұлтаралық араздық деңгейіне дейін ушықтыру әрекеттеріне жол бермеудің маңыздылығын баса көрсетті.

Еуразия24 пікірі:

26-нан 27-на қараған түні Усть-Луга кентінде қазақстандық вахташылар мен шешен күзетшілері арасында орын алған жаппай төбелес және бұл шиеленістің тез арада шешілуі — осындай оқиғаларды ушықтырмай, сауатты түрде «сөндіруге» болатынын көрсетті. Қазақстан дипломаттары мен Ресейдің құқық қорғау органдарының бұл іске бір-біріне кінә артпай, созбалаңға салмай, заң шеңберінде бірлесе кірісуі орын алған жағдайға нақты қоғамдық баға беруге мүмкіндік туғызды. Осылайша, оқиғаның ұлтаралық астары мүлдем жоқ екені дәлелденді. Бұл кез келген ұқсас жағдайды ақпараттық кеңістікте қолдан өршіту оңай болып тұрған қазіргі уақытта өте маңызды. Ресейде де, Қазақстанда да мұндай үрдіс жиі кездеседі. Оқиға орнында таңдалған деэскалация тактикасы мен кенеттен туындаған қақтығыстың мән-жайын саясаткерлердің қатысуымен парасатты түрде түсіндіру — ұлттық астарды жойып, түрлі алыпқашпа әңгімелер қаупін сейілтті. Қазақстандық дипломаттар шетелдегі өз азаматтарын қорғау тетіктерін іс жүзінде көрсетті. Бұл — еңбек мигранттарына көрсетілетін консулдық қолдау жүйесіне деген сенімді нығайтудың оң нышаны.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Атырауда ұшқышсыз аппараттың табылуына байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының түсу жағдайлары қайталанып отырғанын ескере отырып, Қорғаныс министрлігі тарапынан әуе қорғанысы жүйесін жедел жаңғырту мәселесін көтеруге болар еді. Алайда бұл мәселені тек ұлттық деңгейде қарастыру жеткіліксіз.

АҚШ қор нарығы төмендеді

Нью-Йорк, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС – АҚШ-та жұма күнгі сауда...

Сауд Арабиясына бағытталған зымырандар мен дрондар тойтарылды

Дубай, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының әуе қорғаныс...

Бағдад маңындағы авиабазаға зымыранмен соққы жасалып, әскери ұшақ жойылды

Дубай, 30 наурыз. ИНТЕРФАКС – Бағдад қаласына жақын орналасқан...