Евразия24ЭкономикаЖаңа Салық кодексі Конституцияға қайшы ма?

Жаңа Салық кодексі Конституцияға қайшы ма?

|

|

Kursiv хабарлайды: “2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда e‑Tamga деп аталатын жаңа салық жүйесі енгізіледі, ол электрондық шот-фактуралардың (ЭСФ) рәсімделу тәртібін түбегейлі өзгертеді. Бұл жүйе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» өкілдерінің пікірінше, Қазақстандық бизнес үшін айтарлықтай қауіп тудырады. Мәселе мынада, жаңа e‑Tamga жүйесі енгізілгеннен кейін, компаниялар қосылған құн салығы(ҚҚС) көрсетілген электрондық шот-фактураларды (ЭСФ) тек салықтыалдын ала төлегеннен кейін ғана рәсімдей алады. Егер арнайы шотта қажетті қаражат болмаса, жүйе операцияны автоматты түрде бұғаттайды. Жаңа ережелер ҚҚС төлеуші ретінде жаңадан тіркелген барлық субъектілерге, қатысушылары толық ауысқан компанияларға, ЭСФ жазу құқығын қайта қалпына келтірген ұйымдарға, сондай-ақ бұған дейін салық органының талабы бойынша құжаттарын кері қайтарып алған тұлғаларға қолданылады. Егер бұл талап бүкіл бизнеске қолданылатын болса, онда бұл шағын және орта кәсіпкерлікке айтарлықтай соққы болмақ. ҚҚС-ты алдын ала төлеуге кім міндетті, ал кім міндетті емес – осы өлшем шарттарға байланысты анықталатын болады», – деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров ҚҚС-ты алдын ала төлеуидеясы құқықтың негізгі принциптеріне қайшы екенін айтып, бұл норманы алып тастау қажет деп мәлімдеді”.

Евразия24 пікірі:

Жаңа Салық кодексі әлі күшіне енген жоқ, алайда бизнес қазірдің өзінде алаңдаулы. Әдетте кәсіпкерлер тұрақсыздықты сезінген кезде не істейді? Алдын ала ықтимал шығындардың орнын толтыру үшін бағаны көтере бастайды, заңнамадан әлсіз тұстарды іздеп, қатаң талаптардың орнын өтеуге тырысады және тағы басқа шаралар қолданады. Кәсіпкер Гүлбану Майгаринаның мәліметінше, 40-тан астам бизнес-қауымдастық пен сарапшыны біріктіретін Салық альянсы Мемлекет басшысына e-Tamga жаңасалық жүйесіне қатысты бірқатар ұсыныспен жүгінді: ҚҚС-ты алдын ала төлеу мен ЭСФ-ты автоматты түрде бұғаттауды алып тастауды, бір күндік фирмаларға бағытталған нысаналы бақылауды күшейтуді, салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту мен ашықтықты арттыру арқылы заңды бизнеске қысымды емес, қолдауды қамтамасыз етуді ұсынды. Тағы бір қызық жайт: кәсіпкерлік бостандығына кепілдік беретін Конституцияда салық салудың әділеттілік қағидаты бекітілген, яғни салық міндеттемесі туындамай тұрып салық алынбауы тиіс. Конституциялық талаптарға қайшы келетін бұл жаңа Салық кодексі құқықтық сараптамадан қалай өтті деген сұрақ туындайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Интернет пен байланыс тарифтері тексеруде: монополия күдігі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлайды: "Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында байланыс қызметтері нарығында бірқатар қолданыстағы кедергілер анықталды. Олар жойылған жағдайда аталған салада әділ бәсекелестіктің дамуына ықпал етпек. жүргізілген талдау аясында байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне белгілеген тарифтерінің динамикасы зерделенді. 2024 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның әрекеттерінен интернет қызметі бойынша монополиялық жоғары бағаны белгілеу белгілері анықталып отыр.

Тоқаев пен Жапаров стратегиялық әріптестікті нығайтты

Жоғары деңгейдегі саяси диалогтың арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенемін. Қазақ пен қырғыз – ортақ тарих пен тағдыр тоғыстырған бауырлас халықтар. Екі ел де қиын-қыстау кезеңдерде де, қуанышты сәттерде де әрқашан бір-біріне қолдау көрсетіп келді. Уақыт сынынан сүрінбей өткен достығымыз – ата-бабаларымыз аманаттаған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рухани мұра. Бүгінде қос халықтың қарым-қатынасы өзара сенім мен құрметке негізделген, мызғымас серіктестікке ұласты.

Әскери қуат – жаңа дәуірдің басты валютасы

Ялта-Потсдам жүйесіне негізделген әлемдік тәртіп өз қызметін тоқтатқаннан кейін, ал жаңа жаһандық жүйе әлі толық қалыптаспай жатып, көптеген мемлекеттер түрлі деңгейде «дәстүрлі құндылықтарға» бет бұра бастады. Мемлекет тұрғысынан алғанда, «дәстүрлі» ұғым азық-түлік қауіпсіздігін, алтын қорын және әскери қуатты білдіреді. Қазақстан орта державалық мәртебеде бола отырып, күрделі жағдайда қалып отыр, себебі бұл деңгейде елдің даусы естілуі үшін жеткілікті ресурстар болуы қажет. Қазақстанда «шектеулі өнім» секілді эвфемизмдер ресми ақпараттық дискурста қолданылмайды. Бұл егін орағына қатысты 2025 жылға арналған болжамдардың қалыпты екенін білдіреді. Ал ет бағасының күрт қымбаттауы байқалғанымен, ол табиғи және табиғи емес монополистердің тарифтерінен артық емес.

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...