Евразия24Жаңалықтар2024 жылы әлемде аштықтан зардап шегушілер саны 15 миллион адамға азайды

2024 жылы әлемде аштықтан зардап шегушілер саны 15 миллион адамға азайды

|

|

Мәскеу, 4 тамыз. ИНТЕРФАКС – 2024 жылы әлемде аштыққа ұшыраған адамдар саны 2023 жылмен салыстырғанда 15 миллион адамға азайып, шамамен 673 миллион адамды құрады. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының бес агенттігі бірігіп дайындаған «Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану жағдайы» (SOFI 2025) есебінде көрсетілген. Мәліметті Ресей Федерациясының «Агроэкспорт» федералдық орталығы таратты.

2022 жылмен салыстырғанда аштықтан зардап шегушілер саны 22 миллион адамға қысқарған. БҰҰ деректері бойынша, 2024 жылы әлем халқының 8,2%-ы азық-түлік жетіспеушілігіне ұшыраған.

Аймақтық тұрғыда оң өзгерістер біркелкі емес. Африканың көптеген субаймақтарында және Батыс Азияда аштық көрсеткіштері өсуін жалғастырған. Атап айтқанда, 2023 жылы Африкада халықтың 20%-дан астамы (307 млн адам), ал Батыс Азияда 12,7%-ы (шамамен 39 млн адам) аштық жағдайында өмір сүрген.

БҰҰ болжамына сәйкес, 2030 жылы әлем бойынша 512 миллион адам созылмалы аштыққа ұшырауы мүмкін.

2024 жылы Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен азық-түлік қауіпсіздігі доктринасына «Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімі енгізілді. Құжатта стратегиялық мақсат ретінде әлемдік азық-түлік нарықтарының тұрақтылығын екіжақты және көпжақты форматтарда сақтау белгіленген. Негізгі міндеттер қатарында – ауыл шаруашылығы өнімдерін, азық-түлікті, шикізатты және минералдық тыңайтқыштарды өндіруді дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру, халықаралық сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және қаржылық байланыстарды нығайту, сондай-ақ шетелдік мемлекеттерге гуманитарлық (азық-түлік) көмек көрсету қарастырылған.

Доктрина шеңберінде 2030 жылға қарай Ресейдің агроөнім экспортын 2021 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге арттыру көзделіп отыр. Жоспарланған көлем – 55,2 млрд АҚШ доллары.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Поделиться:

Читать далее:
Related

Қазақстан Еуразияның цифрлық хабына айналуы тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Еуразиядағы цифрлық хабқа айналып,...

Тоқаев Үкіметке мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллектті енгізу бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке...

Тоқаев киберқауіпсіздікті күшейтіп, қызметтік хат алмасуды отандық мессенджерге көшіруді тапсырды

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киберқауіпсіздік...

Жыл соңына дейін қазақстандық кәсіпорындар өндірісте жасанды интеллект енгізудің экономикалық нәтижесін көрсетуі тиіс

АСТАНА. 11 тамыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды...