Евразия24Жаңалықтар2025 жылы әлемдік астық өндірісінің өсімі 2013 жылдан бергі ең жоғары деңгейге...

2025 жылы әлемдік астық өндірісінің өсімі 2013 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетпек

|

|

РИМ. 3 қазан. ИНТЕРФАКС – Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) қазан айында әлемдік астық өндірісіне қатысты болжамын қайта қарап, тағы да арттырды. Жаңартылған мәліметке сәйкес, 2025 жылы жаһандық астық өнімі 10,1 млн тоннаға ұлғайып, 2 млрд 971 млн тоннаға жетеді.

ФАО хабарламасында: «Бұл түзету барлық негізгі астық дақылдары – ең алдымен бидай, жүгері және күріш бойынша өндіріс көлемі жөніндегі күтілімдердің өсуімен байланысты. Осылайша, әлемдік астық өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға артады және бұл 2013 жылдан бергі ең жоғары жылдық өсім болмақ», – деп көрсетілген.

Бидай өндірісі 2025 жылы 809,7 млн тонна көлемінде күтілуде. Бұл қыркүйек айындағы болжамнан 0,6%-ға, ал 2024 жылғы деңгейден 1,3%-ға жоғары. ФАО мәліметінше, өсімнің басты себебі – Аустралияда маусым басындағы құрғақшылықтан кейін шілде-тамыз айларында жауын-шашынның түсуі және қолайлы ауа райының қалыптасуы, бұл егінге оң әсер етті. Сонымен қатар, Еуропалық одақ пен Ресей Федерациясы бойынша да болжамдар артқан.

Жемшөптік астық (жүгері, арпа және басқа да дақылдар) өндірісінің болжамы 1 млрд 605 млн тоннаға жетті. Бұл қыркүйектегі бағалаудан 0,3%-ға көп және 2024 жылғы түсімнен 91,7 млн тоннаға артық. Негізгі өсім Бразилиядағы күтіліп отырған мол жүгері өніміне байланысты. Сонымен бірге, Қытай мен АҚШ-та жүгері өндірісінің артуы болжанып отыр. Әсіресе, АҚШ-тағы жүгері өнімі рекордтық 427,1 млн тоннаға жетуі мүмкін, бұл әлемдік өндірістің үштен бірін құрайды.

Күріш өндірісі (тазартылған күйде) 556,4 млн тонна деп бағаланды. Бұл қыркүйек айындағы болжамнан 1 млн тоннаға жоғары және 2024 жылғы деңгейден 1,2%-ға көп.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.