Евразия24ЖаңалықтарӘлиев пен Еурокомиссия өкілі көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Әлиев пен Еурокомиссия өкілі көлік саласындағы ынтымақтастықты талқылады

|

|

БАКУ. 18 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Еуроодақ Әзербайжанмен көлік саласындағы әріптестікті дамытуға мүдделі. Бұл туралы ЕО-ның кеңею мәселелері жөніндегі комиссары Марта Кос бейсенбі күні Бакуде мәлімдеді.

Сол күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Марта Коспен кездесу өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Кос Әлиевті Армения мен Әзербайжан арасындағы қатынастарды қалыпқа келтірудегі ілгерілеумен құттықтап, өңірде бейбіт күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған күш-жігерді ЕО одан әрі қолдайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол Әзербайжанның гуманитарлық миналарды тазалау саласындағы қызметіне оң баға берді.

Еурокомиссар ЕО мен Әзербайжан арасындағы энергетикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқанын және көлік саласындағы серіктестікті кеңейтуге зор мүмкіндік барын айтты.

Өз кезегінде президент Әлиев Әзербайжанның Оңтүстік Кавказда бейбіт күн тәртібін ілгерілету жөніндегі күш-жігерін жалғастыратынын және көлік байланыстарын дамытуда мол әлеует бар екенін жеткізді. Ол республика құрамына қайта қосылған аумақтарда жол-көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Әсіресе Зангилан бағытына (Армения шекарасына дейінгі) апаратын автомобиль және теміржол желілерінің маңыздылығына тоқталды.

Кездесуде Орталық Азиядан Әзербайжанға келетін жүк ағынының Орта дәліз арқылы айтарлықтай өскені айтылды.

Энергетикалық қауіпсіздікке қосқан үлесі туралы айта келе, Әлиев қазіргі уақытта Әзербайжан газы Еуропаның 10 еліне, соның ішінде сегіз ЕО мемлекетіне жеткізіліп отырғанын және экспорт географиясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...