Евразия24ЖаңалықтарАқ үй АҚШ қарсыластарына қарсы хакерлік шабуылдарға жеке компанияларды тартуды көздеп отыр

Ақ үй АҚШ қарсыластарына қарсы хакерлік шабуылдарға жеке компанияларды тартуды көздеп отыр

|

|

Вашингтон. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ билігі елдің қарсыластарына қарсы кибершабуылдар жүргізу үшін жеке компанияларды тартуды жоспарлап отыр. Бұл ретте бұған дейін тек арнайы қызметтердің құзыретіне кірген өкілеттіктерді компанияларға беру көзделуде. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасаған Bloomberg агенттігі жұма күні хабарлады.

Агенттік мәліметінше, мәселенің мән-жайынан хабардар тұлғалардың айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі шетелдік қарсыластарға қарсы киберкеңістікте шабуылдық операцияларды жүзеге асыруға жеке бизнесті тартуға дайындалып жатыр.

Bloomberg деректеріне сәйкес, АҚШ бұл жоспарлар туралы алдағы апталарда таныстырылуы тиіс киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жаңа стратегияда жарияламақ. Құжаттың жобасымен таныс дереккөздер онда Ақ үйдің кибероперациялар кезінде компаниялармен нақты қалай жұмыс істейтіні жөнінде егжей-тегжейлі мәліметтер көрсетілмегенін атап өткен.

АҚШ әкімшілігі стратегия жарияланғаннан кейін қосымша түсіндірмелер беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар Bloomberg атап өткендей, қазіргі уақытта жеке компанияларға хакерлік шабуылдар жүргізуге құқық беретін нақты заңнамалық негіз жоқ.

Бұдан бөлек, жаңа стратегияда деректерді қорғау мен киберкеңістікті реттеу шараларын оңтайландыру, ақпараттық жүйелерді жаңғырту, аса маңызды инфрақұрылымды қорғау, шифрлау тетіктерін күшейту және кванттық есептеу технологияларын дамыту қажеттігі жөніндегі ұсынымдар қамтылады.

Дереккөздердің айтуынша, жеке компанияларды кибероперацияларға тарту мәселесі бұрынғы президент Джо Байден әкімшілігі тұсында да талқыланған, алайда сол кезде бірыңғай саясат қалыптастыру мүмкін болмаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.