Евразия24ЖаңалықтарАқмола облысы 7 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр

Ақмола облысы 7 млн тоннадан астам астық жинауды жоспарлап отыр

|

|

Астана. 16 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі жиналым науқанының барысымен танысты, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына биыл егістік көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 млн гектарға жеткені туралы мәлімет берілді.

Болжам бойынша, облыстағы дәнді дақылдар түсімі 7 млн тоннадан асады, ал майлы дақылдардың жалпы жиналымы 650 мың тоннадан жоғары болады.

Қазіргі таңда 3,6 млн тонна астық жиналды, орташа өнімділік гектарына 15,4 центнерді құрап отыр.

Ақмола облысы еліміздің астық өсіретін негізгі өңірлерінің бірі саналады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, 15 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде дәнді дақылдар 7,8 млн гектар алқаптан жиналып, бұл жалпы егіс көлемінің 48,7%-ын құрайды. Жалпы 11,6 млн тонна астық бастырылды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...