Евразия24ЖаңалықтарАҚШ әкімшілігінде венесуэлалық мұнайды пайдалану жолдары талқылануда

АҚШ әкімшілігінде венесуэлалық мұнайды пайдалану жолдары талқылануда

|

|

Вашингтон. 8 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ билігі венесуэлалық мұнайды қалай пайдалану мәселесі бойынша әзірге нақты шешім қабылдаған жоқ, бұл бағыттағы талқылаулар жалғасып жатыр. Бұл туралы бейсенбі күні The Wall Street Journal хабарлады.

Басылымға ақпараттан хабардар дереккөздердің айтуынша, АҚШ Венесуэла мұнайын пайдалану жөніндегі жоспарды іске асырудың мүмкін жолдарын талқылауды жалғастырып отыр.

Дереккөздердің мәліметінше, әкімшілік өкілдері мұнай компанияларының басшыларымен байланысқа шығып, екі ел венесуэлалық мұнайдан қандай тәсілмен барынша тиімді табыс таба алатыны жөнінде ұсыныстар алған.

Сонымен қатар, газет аты-жөні аталмаған шенеунікке сілтеме жасап хабарлағандай, АҚШ әкімшілігі венесуэлалық мұнайды бірқатар дистрибьюторлар мен халықаралық энергетикалық компанияларға, соның ішінде Mercuria, Vitol және Trafigura компанияларына сату мүмкіндігін де қарастырған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...