Евразия24ЖаңалықтарАҚШ әскери-теңіз күштері Тынық мұхитындағы тағы бір есірткі тасымалдаушы кемені жойды

АҚШ әскери-теңіз күштері Тынық мұхитындағы тағы бір есірткі тасымалдаушы кемені жойды

|

|

ВАШИНГТОН. 5 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы (SOUTHCOM) Пентагон басшысы Пит Хегсеттің бұйрығымен Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі тасымалдады деген күдікке ілінген катерге соққы берілгенін хабарлады.

«Southern Spear («Оңтүстік найза») операциясы аясында халықаралық суларда орналасқан және террористік ұйым ретінде танылған құрылымға тиесілі кемеге әуеден соққы жасалды. Барлау мәліметтері бұл кеменің есірткі контрабандасын тасымалдап, Тынық мұхитының шығыс бөлігіндегі белгілі наркожолмен жүргенін растады. Кеме бортында болған төрт ер адам – есірткімен айналысушы содырлар – жойылды», – делінген SOUTHCOM таратқан ресми хабарламада.

Қолбасшылық шабуылдың нақты сәтін бейнелейтін 21 секундтық бейнежазбаны әлеуметтік желілерде жариялады.

Қыркүйек айынан бері АҚШ әскери күші Кариб теңізі мен Тынық мұхитында есірткі тасымалдайды деген 23 кемеге соққы берген. Барлау қызметінің мәліметінше, бұл кемелер заңсыз есірткі тасымалымен айналысқан. Аталған шабуылдар нәтижесінде 87 адам көз жұмған.

Соңғы соққы бейсенбі күні жасалды. Бұл – Пентагонның қыркүйекте бір кемеге екі мәрте соққы бергені үшін АҚШ Конгресіндегі қос партия тарапынан сынға ұшырап жатқан сәтпен тұспа-тұс келді. Ол кезде шабуылдан аман қалған экипаж мүшелерін жою үшін әдейі қайталама соққы жасалғаны айтылған.

Бұған дейін америкалық БАҚ президент Дональд Трамптың әскерді Латын Америкасындағы наркокартельдерге қарсы соққы жасауға жасырын түрде жұмылдыруға бұйрық бергенін жазған болатын. Кейінірек, дереккөздерге сілтеме жасаған басылымдар Вашингтон Венесуэла президенті Николас Мадуроны биліктен кетіру мақсатында қысым жасау науқанын жүргізіп жатқанын бірнеше рет хабарлаған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.