Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Иран үшін уақытша үкімет құру мүмкіндігін қарастыруда

АҚШ Иран үшін уақытша үкімет құру мүмкіндігін қарастыруда

|

|

Дубай. 6 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ әкімшілігі Ирандағы қазіргі билік елді басқару мүмкіндігінен айырылған жағдайда, уақытша басқару құрылымын қалыптастыру нұсқаларын пысықтап жатыр. Бұл туралы The National басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Ирандағы қазіргі режимге балама іздеу жөніндегі америкалық бастамаларға АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер белсенді түрде тартылған. Ол иран-америкалық іскер топ өкілдерінен тұратын кеңесші қауымдастық құруға атсалысып жатыр. Бұл топ ықтимал билік вакуумы жағдайында Иранды басқаруға қабілетті өтпелі құрылымның моделін әзірлеу бойынша ұсынымдар беруге тиіс.

Дереккөздердің айтуынша, АҚШ әкімшілігі Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында ирандық оппозиция өкілдерінің басын қосуды көздеп отыр. Аталған кездесу алдағы демалыс күндері өтуі мүмкін. Алайда іс-шараны ұйымдастыруға байланысты логистикалық қиындықтар бар. Сонымен қатар оппозиция өкілдері АҚШ президентінің Мар-а-Лаго резиденциясына шақырыла ма, әлде жақын маңдағы өзге алаңда кездесу өтеді ме – бұл мәселе де әлі нақты шешілген жоқ.

Ақ үй бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын қайта жандандыруға әрекет жасаса, Вашингтон қатаң шаралар қолдануға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме тараптардың келіссөздерге дайындық кезеңінде жасалды.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кездесу жұма күні Оманда өтетінін растады.

Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон бұған дейін бес раунд келіссөз өткізген. Алтыншы раунд 2025 жылдың маусым айында Израильдің, кейін АҚШ-тың Иранға жасаған әуе соққыларынан кейін кейінге шегерілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Қазақстан Парламенті креативті индустрияларды қолдау жөніндегі түзетулерді қабылдады

Қазақстан Парламенті Сенаты жұма күні өткен пленарлық отырыста «Креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Конституцияны жаңарту: демократиялық реформа ма, әлде билікті нығайту тетігі ме?

«Просто журналистика» YouTube-арнасында жүргізуші Лұқпан Ахмедьяров «Тоқаев Конституцияны не үшін өзгертпек?» деген сауалды күн тәртібіне шығарды. Автор бұл мәселені кеңірек қоя отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келгеннен бері үшінші рет референдум бастамасын көтеруінің себептерін талдайды.

Сирек металдар – жаңа геосаяси артықшылықтың кілті

«Азиатский экспресс» хабарлайды: Орталық Азия елдері АҚШ-та өткен минералдар жөніндегі конференцияға қатысты. Іс-шара Вашингтон қаласында АҚШ үкіметінің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Қазақстан мен Өзбекстанның министрлері, сондай-ақ 50-ден астам елдің делегация өкілдері қатысты.

Жасырын табысқа тосқауыл: алимент төлеуден жалтаруға қарсы жаңа қадам

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлайды: Алматы қаласының прокуратурасы қала прокуроры Серік Қаріпбековтің және Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы Тимур Шалекеновтің қатысуымен алимент төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.