Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Иран үшін уақытша үкімет құру мүмкіндігін қарастыруда

АҚШ Иран үшін уақытша үкімет құру мүмкіндігін қарастыруда

|

|

Дубай. 6 ақпан. ИНТЕРФАКС – АҚШ әкімшілігі Ирандағы қазіргі билік елді басқару мүмкіндігінен айырылған жағдайда, уақытша басқару құрылымын қалыптастыру нұсқаларын пысықтап жатыр. Бұл туралы The National басылымы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Ирандағы қазіргі режимге балама іздеу жөніндегі америкалық бастамаларға АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер белсенді түрде тартылған. Ол иран-америкалық іскер топ өкілдерінен тұратын кеңесші қауымдастық құруға атсалысып жатыр. Бұл топ ықтимал билік вакуумы жағдайында Иранды басқаруға қабілетті өтпелі құрылымның моделін әзірлеу бойынша ұсынымдар беруге тиіс.

Дереккөздердің айтуынша, АҚШ әкімшілігі Флорида штатындағы Палм-Бич қаласында ирандық оппозиция өкілдерінің басын қосуды көздеп отыр. Аталған кездесу алдағы демалыс күндері өтуі мүмкін. Алайда іс-шараны ұйымдастыруға байланысты логистикалық қиындықтар бар. Сонымен қатар оппозиция өкілдері АҚШ президентінің Мар-а-Лаго резиденциясына шақырыла ма, әлде жақын маңдағы өзге алаңда кездесу өтеді ме – бұл мәселе де әлі нақты шешілген жоқ.

Ақ үй бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран ядролық бағдарламасын қайта жандандыруға әрекет жасаса, Вашингтон қатаң шаралар қолдануға дайын екенін мәлімдеген болатын. Бұл мәлімдеме тараптардың келіссөздерге дайындық кезеңінде жасалды.

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи кездесу жұма күні Оманда өтетінін растады.

Айта кетейік, Тегеран мен Вашингтон бұған дейін бес раунд келіссөз өткізген. Алтыншы раунд 2025 жылдың маусым айында Израильдің, кейін АҚШ-тың Иранға жасаған әуе соққыларынан кейін кейінге шегерілген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ФИФА президенті әлем чемпионатын сынағандарды араздықты қоздырды деп айыптады

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионатын сынағандардың бәрі араздықты қоздырумен айналысты деп мәлімдеп, оларды өз әрекеттері туралы ойлануға шақырды.

Хуситтер Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына қайтадан соққы жасағанын мәлімдеді

Хуситтердің әскери қолбасшылығы Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымындағы бірқатар нысанға соққы жасалғанын мәлімдеді.

Қазақстанда жарты жылда қаржылық қылмыстарға қатысты 500-ге жуық іс бойынша тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) төрағасы Жанат Әлімановты қабылдады. Кездесуде агенттік басшысы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бурабайда IT мамандары мен кәсіпкерлерге арналған технологиялық қалашық салынуы мүмкін

Қазақстан Бурабай курорттық аймағында халықаралық Network School қауымдастығымен бірлесіп технологиялық қалашық құру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.