Евразия24ЖаңалықтарАҚШ компаниялары Ұлыбритания экономикасына $200 млрд-тан астам инвестиция құяды

АҚШ компаниялары Ұлыбритания экономикасына $200 млрд-тан астам инвестиция құяды

|

|

ЛОНДОН. 18 қыркүйек. (Интерфакс) – АҚШ компаниялары Ұлыбританияға тарихи рекордты көлемде – 150 млрд фунт стерлингке ($204 млрд) инвестиция салмақ. Бұл туралы Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Лондонға мемлекеттік сапары аясында хабарлады.

Негізгі инвестициялар Blackstone тарапынан түседі – алдағы он жылда $122,6 млрд. Сонымен қатар Prologis $5,34 млрд, Palantir шамамен $2 млрд (қорғаныс инновацияларына), STAX $52 млн, Microsoft төрт жылда $30 млрд, ал Google екі жылда $6,8 млрд бағыттамақ.

Сонымен қатар, британдық компаниялар да АҚШ экономикасына елеулі қаржы құюды жоспарлап отыр: фармацевтикалық GSK – $30 млрд, мұнай-газ алыбы BP – $25 млрд. Жалпы алғанда, британдық бизнес пен үкіметтің АҚШ-тағы инвестиция көлемі $80 млрд болады деп күтілуде.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...