Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Конгрессмені Пентагонның БАҚ-қа арналған жаңа тәртібін сынға алды

АҚШ Конгрессмені Пентагонның БАҚ-қа арналған жаңа тәртібін сынға алды

|

|

 

Вашингтон. 21 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың республикашыл конгрессмені Дон Бэкон Қорғаныс министрі Пит Хегсет бекіткен Пентагонның бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жаңа ережелерін қатаң сынға алды.

«Бізге бұрынғы “Правда” газеті секілді бірнеше басылымның үкіметтің ресми ұстанымын ғана мақтап отырғаны керек емес. Еркін баспасөз – елді дамытатын маңызды фактор», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Конгрессмен жаңа талаптардың «соншалықты абсурд екенін, тіпті шын екеніне сену қиын» екенін атап өтті.

Пентагон тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарына жолданған меморандумда жарияланатын кез келген ақпарат ресми құпия болмаса да, алдымен уәкілетті тұлға тарапынан көпшілікке таратуға рұқсат етілуі тиіс екені көрсетілген.

Құжатта: «Бұл ережелерді сақтамау сіздің ғимаратқа кіру рұқсатыңызды уақытша тоқтатып немесе толық жоюы мүмкін», – делінген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Данияда парламент сайлауына арналған дауыс беру басталды

Сейсенбі күні Дания азаматтары парламент – Фолькетингтің жаңа құрамын сайлау үшін дауыс беруде, деп хабарлайды еуропалық БАҚ.

Еуроодақта ақпанда автокөлік сатылымы 1,4%-ға артты

Еуропалық одақта ақпан айында автокөлік сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсті.

Вьетнамда жанармай тапшылығына байланысты ішкі рейстер қысқартылады

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан жанармай тапшылығы мен оның бағасының өсуіне байланысты Вьетнамның бірнеше әуе компаниясы бірқатар ішкі бағыттар бойынша рейстерді уақытша тоқтатады

Иранның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққылар жасалды

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның энергетикалық секторына соққы беруді уақытша тоқтату туралы мәлімдемесіне қарамастан, елдің бірнеше энергетикалық инфрақұрылым нысандары шабуылға ұшырады.