Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Өкілдер палатасы бюджет шығындарын қысқарту туралы заң жобасын мақұлдады

АҚШ Өкілдер палатасы бюджет шығындарын қысқарту туралы заң жобасын мақұлдады

|

|

Вашингтон. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – АҚШ Өкілдер палатасы 216 дауыс қарсы 213 дауыспен бұрын бекітілген бюджет шығындарын 9 миллиард долларға қысқартуды көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды The Hill басылымы.

Қысқарту шетелдік көмек пен NPR және PBS қоғамдық хабар тарату компанияларын қаржыландыруды тоқтату есебінен жүзеге асырылмақ.

Заң жобасы бұған дейін Сенатта мақұлданған. Енді ол Президенттің қол қоюына жолданады.

Аталған шығындар бұған дейінгі бюджетке енгізілгендіктен, оларды қысқарту үшін Өкілдер палатасы мен Сенаттың келісімі қажет болды.

Дональд Трамп бұл құжаттың қос палатадан өтуіне байланысты Truth Social желісінде: «Бұл – керемет!» деп жазды. Оның айтуынша, «республикалықтар мұны 40 жыл бойы жүзеге асыруға тырысып келді, бірақ сәті түспеген».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.