Евразия24ЖаңалықтарАҚШ пен Тайвань қорғаныс ведомстволарының өкілдері Аляскада құпия келіссөздер өткізді

АҚШ пен Тайвань қорғаныс ведомстволарының өкілдері Аляскада құпия келіссөздер өткізді

|

|

Лондон. 5 қыркүйек. Интерфакс – Пентагон мен Тайвань әкімшілігінің қорғаныс ведомствосының өкілдері құпия жағдайда Аляскада келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Financial Times ақпаратқа қанық дереккөздерге сілтеме жасап.

АҚШ тарапынан келіссөздерге Қорғаныс министрлігінің Үнді-Тынық мұхиты өңірі бойынша өкілі Джед Ройал қатысса, Тайвань атынан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшінің орынбасары Сюй Сучэнь қатысты.

Басылым мәліметінше, бұл кездесу маусым айына жоспарланған, алайда кейінге қалған келіссөздердің орнына өткен. Ол кезде АҚШ қорғаныс министрінің қорғаныс саясаты жөніндегі орынбасары Элбридж Колби мен Тайваньның қорғаныс министрі Веллингтон Ку Вашингтонда кездесуі тиіс болған.

«АҚШ әкімшілігі кездесуді соңғы сәтте тоқтатып, Тайбэйге бұл шешім Иранға жасалған әскери соққыларға байланысты екенін хабарлаған. Алайда кейбір америкалық шенеуніктер Тайвань қорғаныс министріне Вашингтонға алғаш рет баруға рұқсат беру АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің кездесуіне қауіп төндіруі мүмкін деп есептеген», – деп жазды басылым.

Материалда сондай-ақ АҚШ пен Қытай өкілдері сауда келіссөздерін жүргізіп жатқаны айтылған. Тараптардың мәлімдеуінше, бұл келіссөздер қазан айында Бейжіңде өтуі ықтимал саммитке жол ашуы мүмкін.

Бұған дейін Financial Times Вашингтондағы шенеуніктерге экспорттық бақылау секілді Қытайға қарсы шараларды уақытша тоқтата тұру жөнінде тапсырма берілгенін, бұл келіссөздердің бұзылуына жол бермеу үшін жасалған қадам екенін хабарлаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...