Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Президенті мен Мемлекеттік хатшысы Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдайды жіті бақылауда...

АҚШ Президенті мен Мемлекеттік хатшысы Таиланд пен Камбоджа арасындағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр

|

|

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдері бейбіт келіссөздергежәрдемдесу мақсатында Малайзияда жүр

Вашингтон. 28 шілде. ИНТЕРФАКС. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың мен Президент Дональд Трамп Таиланд пен Камбоджа арасындағышиеленіске қатысты жағдайды қадағалап, екі елдегі әріптестерімен тұрақтыбайланыс орнатып отыр.

Мемлекеттік департамент таратқан Рубионың ресми мәлімдемесінде: «Президент Трамп та, мен де әр мемлекеттегі әріптестерімізбен өзарабайланыс орнатуды жалғастырып, қалыптасқан ахуалды мұқият бақылапотырмыз», – делінген.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының айтуынша, Камбоджа мен Таиланд жақынарада Малайзияда жоғары деңгейдегі келіссөздерді бастауды жоспарлапотыр. Бұл келіссөздердің негізгі мақсатыатысты дереу тоқтату. «Бүгінгітаңда Мемлекеттік департамент өкілдері бейбіт бастамаларды қолдау үшінМалайзияда жұмыс жүргізуде», – деп атап өтті Рубио.

«АҚШ бұл қақтығыстың барынша қысқа мерзімде аяқталғанын қалайды», – деді Мемлекеттік хатшы.

Бұған дейін Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет пен ТаиландтыңПремьер-министрі міндетін атқарушы Пхумтам Вечаячай дүйсенбі күніМалайзияда кездесу өткізіп, бірнеше күн бойы жалғасып келе жатқан қарулықақтығысқа байланысты өзара шешім табуға күш салатыны хабарланғанболатын.

Еске сала кетейік, шілденің 24-і күні таңертең Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар басталды. Оған Камбоджа аумағындажарылған мина себеп болып, Таиланд армиясының бес әскери қызметшісізардап шеккен. Осыдан кейін қос тарап бір-бірін жанжалды тұтандырды депайыптады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастар мамыр айында басталған әскеришиеленістен кейін ушығып кеткен болатын. Сол кезде даулы аумақта орыналған атыс салдарынан Камбоджа әскери қызметшісі қаза тапқан еді. Аймақты екі мемлекет те өз аумағы деп санайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.