Евразия24ЖаңалықтарАҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің келесі кезеңін құптады

АҚШ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің келесі кезеңін құптады

|

|

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресей мен Украина арасындағы үшінші келіссөз кезеңінің Стамбулда өтетіні жөнінде хабардар екенін мәлім деп, қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған күш-жігерді қолдайтынын білдірді. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің ресми өкілі Тэмми Брюс 22 шілде күні өткен брифингте хабарлады.

«Үшінші келіссөз кезеңінің жоспарланғаны бізге белгілі. Біз екі тарапарасындағы тікелей диалогты қолдаймыз. Қарулы қақтығысты бейбіт жолмен шешубасты міндет. Бұл бағыттағы кез келген нақты қадамды құптаймыз», – деді Тэмми Брюс.

Оның айтуынша, кездесулер осы аптада Стамбулда өтеді.

Бұдан бөлек, АҚШ тарапы келіссөздердің барысы мен нәтижесіне қарап, Трамп әкімшілігі жариялаған мерзім аясында қақтығысты реттеу мүмкіндігіне баға беретінін жеткізді

Еске салайық, биыл 14 шілдеде АҚШ Президенті Дональд Трамп Украинадағы жағдай бойынша бейбіт келісім 50 күн ішінде жүзеге аспайтын болса, Ресейге қарсы «қатаң шаралар» қабылданатынын мәлімдеген.

Ресей мен Украина арасындағы алғашқы екі келіссөз кезеңі 16 мамыр мен 2 маусым күндері Стамбулда өткен. Ресей делегациясын Президент Владимир Путиннің мәдениет және тарихи ағарту мәселелері жөніндегі көмекшісі Владимир Мединский басқарған. Ол 2022 жылы да келіссөз тобына жетекшілік еткен.

Мемлекеттік департаменттің ресми мәлімдемесінде АҚШ тарапы тараптардың ашық әрі сындарлы диалог орнатып, атысты тоқтату жөнінде нақты уағдаластыққа келуі тиіс екенін атап өтті. Сонымен қатар, гуманитарлық ахуалға қатысты мәселелердің шешімі де назардан тысқалмауы керектігі айтылды.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.