Евразия24ЖаңалықтарАҚШ-тағы TikTok бөлімшесі Oracle қатысатын консорциумға сатылуы мүмкін

АҚШ-тағы TikTok бөлімшесі Oracle қатысатын консорциумға сатылуы мүмкін

|

|

 

МӘСКЕУ. 17 қыркүйек. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН — TikTok әлеуметтік желісінің АҚШ-тағы бөлімшесі Oracle Corp. (SPB: ORCL) қатысатын инвесторлар консорциумына сатылуы мүмкін. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жағдайдан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Басылым мәліметінше, TikTok-тың америкалық бөлімшесі дербес компания ретінде қайта құрылып, оның бақылау пакеті Oracle, Silver Lake, Andreessen Horowitz сынды инвесторлардан және TikTok-тың қазіргі иесі — ByteDance компаниясындағы үлесі бар Susquehanna International, KKR және General Atlantic сынды серіктестерден құралған консорциумға өтеді. Жаңа құрылымның 80%-дан астамы осы топқа тиесілі болады, ал қытайлық акционерлерге 20%-ға жетпейтін үлес қалады.

Жаңа компания шеңберінде TikTok-тың америкалық пайдаланушылары жаңартылған қосымша нұсқасына ауысуға шақырылады. Қазір бұл нұсқа тестілеуден өтіп жатыр. TikTok инженерлері қолданушыларға ұсынылатын контентті анықтайтын алгоритмдерді қайта жазуда, ал америкалық азаматтардың жеке деректері Техаста орналасқан Oracle-дың деректер орталықтарында сақталады.

Келісімді мақұлдау процесі аяқталуға жақын. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok компаниясына америкалық активтерін сату немесе ел аумағындағы жұмысын тоқтату үшін берілген мерзімді 16 желтоқсанға дейін ұзартқан еді. Алдыңғы мерзім 17 қыркүйекте аяқталуға тиіс болатын.

TikTok-тың болашағына қатысты келіссөздерге бір жылдан астам уақыт болды. Сейсенбі күні Дональд Трамп TikTok бойынша мәміле Қытай тарапымен келісілгенін растады.

«TikTok мәселесіне қатысты келісім бар», — деді ол Ақ үйде журналистерге. — «Оны сатып алуға ниетті аса ірі компаниялар бар».

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.