Мәскеу. 16 қаңтар. ИНТЕРФАКС – АҚШ-тың алты жетекші банкі 2025 жылы капитал жеткіліктілігіне қойылатын талаптардың жұмсаруына байланысты акционерлерге дивидендтер төлеу және акцияларды кері сатып алу арқылы 140 млрд доллардан астам қаражат бағыттады.
Бұл – жаңа рекорд. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіш 2019 жылы тіркелген, деп жазады Bloomberg.
Атап айтқанда, JPMorgan Chase & Co. өткен жылы өз акцияларын 30 млрд доллардан астам сомаға кері сатып алды. Ал Citigroup Inc. стресс-тесттерден сәтті өткеннен кейін үшінші тоқсанда акцияларды кері сатып алу көлемін алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бес есе арттырды.
Банктердің басшылығы ағымдағы жылы да акционерлерге төлемдердің жоғары деңгейін сақтауды жоспарлап отыр. Мәселен, Goldman Sachs Group басшысы Дэвид Соломон жуырда банк акцияларды кері сатып алу мәселесінде «белсенді әрі икемді ұстанымды» жалғастыратынын мәлімдеді.




