Евразия24ЖаңалықтарАзия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарығы құлдырауда

Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қор нарығы құлдырауда

|

|

15 желтоқсанда Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі негізгі қор индекстері аптаның алғашқы сауда күнінде төмендеу үрдісін көрсетті. Сарапшылардың пайымынша, АҚШ-тың технологиялық секторындағы акциялардың жұма күнгі құлдырауы өңірлік нарықтарға теріс әсер еткен.

Қытайда Shanghai Composite индексі Мәскеу уақытымен 8:42-де 0,3%-ға, ал Гонконгтағы Hang Seng 1,1%-ға төмендеді. Бұл көрсеткіштер әлсіз макроэкономикалық мәліметтер аясында тіркелді. Қытайдың Мемлекеттік статистика басқармасының дерегінше, қараша айында өнеркәсіптік өндіріс жылдық көрсеткіште 4,8%-ға ғана өсті – бұл соңғы 15 айдағы ең төменгі өсім. Сарапшылар өсім 5%-ға жетеді деп күткен еді. Розничтік сауда көлемі де 1,3%-ға ғана артты, бұл – 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең баяу өсім.

Hang Seng индексіне кіретін компаниялар арасында ең көп төмендегендер – Hansoh Pharmaceutical Group (–8,2%) және Baidu Inc. (–4,9%). Сонымен қатар Semiconductor Manufacturing International Corp. (–4,4%), Alibaba (–3,1%), Tencent (–1,8%), Xiaomi (–2,7%), Li Auto (–1,6%) және PetroChina Co. (–1,3%) акциялары да арзандады. Керісінше, Li Ning Co. (5,5%) және Ping An Insurance (2,5%) бағалы қағаздары қымбаттады.

Жапонияның Nikkei 225 индексі 8:40-та 1,4%-ға төмендеді. Технологиялық компаниялар акциялары айтарлықтай арзандады: Softbank Group (–6,4%), Advantest (–6,2%), Socionext (–5,4%), Fujikura (–5%) және Disco Corp. (–2,6%). Nomura Securities сарапшысы Фумика Симидзу нарықтағы бұл үрдісті технологиялық сектордан басқа салаларға инвесторлардың ауысуымен байланыстырады.

Сонымен қатар Жапония банктерінің акцияларының құны өсті. Бұл Жапония банкі негізгі мөлшерлемені көтереді деген күтулерге байланысты болды. Мысалы, Mitsubishi UFJ Financial акциялары 1,9%-ға қымбаттап, тарихи максимумға жетті. Автоөндірушілер де өсім көрсетті: Nissan және Toyota – 2,8%, Honda – 0,6%.

Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 8:33-те 1,3%-ға төмендеді. Samsung Electronics акциялары 3,5%-ға, SK Hynix – 1,9%-ға, Posco – 0,2%-ға, Hyundai Motor – 2,5%-ға арзандады.

Австралияда S&P/ASX 200 индексі 0,7%-ға төмендеді. Әлемдегі ірі тау-кен өндіруші компаниялар – BHP және Rio Tinto акциялары тиісінше 2,9% және 2,4%-ға төмендеді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Израиль әуе күштері Тегеранда ядролық зерттеу орталығына соққы жасады – ЦАХАЛ

Израиль әскери-әуе күштері сенбі күні Тегеран қаласындағы ядролық зерттеулер мен әзірлемелерге арналған стратегиялық нысанға соққы жасады.

Иран әскери операция басталғалы бері Израильге 400 баллистикалық зымыран ұшырған – ЦАХАЛ

Иран америкалық-израильдік әскери операция басталғалы бері Израиль аумағына 400 баллистикалық зымыран ұшырды, олардың 92%-ы атып түсірілген.

Иран Ормуз бұғазын тек өз қарсыластары үшін жапқанын мәлімдеді

Иран Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты толықтай тек елдің қарсыластарына қатысты кемелер үшін ғана шектегенін мәлімдеді.

Саудиялық әскерилер Ираннан ұшырылған зымыран мен бірнеше дронның атып түсірілгенін хабарлады

Сауд Арабиясы әуе қорғаныс күштері жексенбі күні таңертең Иран тарапынан ұшырылған бірнеше дрон мен бір зымыранды жойды, деп хабарлайды ЭФЭ агенттігі.