Евразия24ЖаңалықтарҚазақстан Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін Айбек Смадияров басқарады

Қазақстан Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімін Айбек Смадияров басқарады

|

|

Астана. 15 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөліміне жетекші болып тағайындалды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

“Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісі қызметіне тағайындалды”, – делінген ресми ақпаратта.

42 жастағы Айбек Смадияров жаңа қызметіне дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Франциядағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған шеруші мен полиция қызметкері зардап шекті

Сенбі күні Францияда болған тәртіпсіздіктер кезінде 80-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлады жексенбі күні Le Figaro газеті.

Иранның соққыларынан Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 26 әскери базасы мен нысаны зардап шекті

Иран АҚШ-пен қақтығыс барысында Таяу Шығыстағы америкалық 26 әскери база мен нысанды қиратқан немесе зақымдаған. Соның салдарынан әскери техника мен жабдықтарға миллиардтаған доллар шығын келген, деп хабарлады The Associated Press агенттігі хабардар дереккөздер мен спутниктік мәліметтерге сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранға теңіз блокадасы қайта енгізілгелі 144 сауда кемесін тоқтатты – CENTCOM

Иранға теңіз блокадасы қайта енгізілгеннен бері АҚШ Әскери-теңіз күштері осы елдің порттарына бағыт алған немесе олардан шыққан 144 сауда кемесін тоқтатып, бағытын өзгертті. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

АҚШ-та аралық сайлауда 50 миллионнан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берді

АҚШ-та Конгресс сайлауында 50 миллионнан астам азамат мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды америкалық БАҚ.