Евразия24ЖаңалықтарФранциядағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған шеруші мен полиция қызметкері зардап шекті

Франциядағы тәртіпсіздіктер кезінде ондаған шеруші мен полиция қызметкері зардап шекті

|

|

Париж. 1 қараша. ИНТЕРФАКС – Сенбі күні Францияда болған тәртіпсіздіктер кезінде 80-ге жуық адам жарақат алды, деп хабарлады жексенбі күні Le Figaro газеті.

Францияның азаматтық қорғаныс қызметінің мәліметінше, қауіпсіздік күштерінің 18 қызметкері мен 60 шеруші зардап шеккен. Наразылық акциясына қатысқан төрт адамның жағдайы ауыр.

Le Figaro басылымының жазуынша, сенбі күнгі тәртіпсіздіктер кезінде 20 сауда нысанына зақым келген. Бұл алдыңғы апталарда өткен наразылық акциялары кезіндегі шығынмен салыстырғанда айтарлықтай аз.

Бұған дейін 31 қазанда Францияда қатарынан үшінші сенбі жалпыхалықтық наразылық акциялары өткені хабарланған болатын. Франция Ішкі істер министрлігінің дерегінше, шерулерге ел бойынша 320 мың адам, оның ішінде Парижде 70 мың адам қатысқан. Ал ұйымдастырушылар бүкіл Францияда наразылық білдірушілер саны жарты миллионға жуықтағанын, Париждің өзінде 200 мың адам жиналғанын мәлімдеді.

Сенбі күні Германия мен Португалияда да наразылық шерулері өтті.

Германияда «Gen Z regelt» жастар бастамасы 30-дан астам қалада наразылық акцияларын ұйымдастырды. Қатысушылар білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, климатты қорғау және халық үшін қолжетімді тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету талаптарын көтерді. Сондай-ақ олар міндетті әскери қызметті қайта енгізу мүмкіндігіне қарсылық білдірді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, ел бойынша шерулерге ондаған мың адам қатысқан.

Наразылық акцияларының басым бөлігі бейбіт жағдайда өткенімен, бірқатар қалада шерушілер мен полиция арасында қақтығыстар болды.

Майндағы Франкфурт, Кёльн және Гамбург қалаларында полиция көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарды қолдануға мәжбүр болды.

Португалиядағы тұрғын үй дағдарысына наразылық білдіру үшін Лиссабон орталығына мыңдаған адам, соның ішінде кішкентай балалары бар отбасылар жиналды. Шерушілер «Баспана немесе өрт» және «Біз қорықпаймыз» деген жазуы бар плакаттар ұстап шықты. Тәртіпсіздіктер мен адамдардың ұсталғаны туралы ақпарат түскен жоқ.

Сенбі күні Нидерландта да наразылық шерулері өтті. Гаага қаласының орталығы мен сауда орындарының маңында полиция қызметкерлері көптеп жұмылдырылды. Алайда күн ортасына дейін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деректері тіркелмеді. Сақтық шарасы ретінде қаладағы көптеген дүкеннің қызметкерлері жұма күнінің өзінде витриналарын тақтаймен жауып қойған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Иранның соққыларынан Таяу Шығыстағы АҚШ-тың 26 әскери базасы мен нысаны зардап шекті

Иран АҚШ-пен қақтығыс барысында Таяу Шығыстағы америкалық 26 әскери база мен нысанды қиратқан немесе зақымдаған. Соның салдарынан әскери техника мен жабдықтарға миллиардтаған доллар шығын келген, деп хабарлады The Associated Press агенттігі хабардар дереккөздер мен спутниктік мәліметтерге сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-теңіз күштері Иранға теңіз блокадасы қайта енгізілгелі 144 сауда кемесін тоқтатты – CENTCOM

Иранға теңіз блокадасы қайта енгізілгеннен бері АҚШ Әскери-теңіз күштері осы елдің порттарына бағыт алған немесе олардан шыққан 144 сауда кемесін тоқтатып, бағытын өзгертті. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) хабарлады.

АҚШ-та аралық сайлауда 50 миллионнан астам адам мерзімінен бұрын дауыс берді

АҚШ-та Конгресс сайлауында 50 миллионнан астам азамат мерзімінен бұрын дауыс берді, деп хабарлайды америкалық БАҚ.

Қазақстанның Энергетика министрлігі отын-энергетика кешеніне «Energy AI Kazakhstan» тұжырымдамасын енгізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешенінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады сенбі күні министрліктің баспасөз қызметі.