Дубай. 28 ақпан. Интерфакс – Бахрейннің Ішкі істер министрлігі Манама қаласының Джуффаир ауданында тұратын халықты эвакуациялау жұмыстары басталғанын хабарлады. Бұл аумақта АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 5-ші операциялық флотының әскери-теңіз базасы орналасқан.
«Тиісті мемлекеттік органдардың нұсқауларына сәйкес әрекет етуге шақырамыз», – делінген министрлік мәлімдемесінде.
БАҚ мәліметінше, қазір Манаманың орталығынан оңтүстікке қарай орналасқан Джуффаир ауданында түтін көтеріліп жатқаны байқалуда.
Бұған дейін Бахрейннің мемлекеттік ақпарат агенттігі BNA Ираннан атылған зымырандар АҚШ-тың Бахрейндегі әскери-теңіз базасына тигенін, онда 5-ші флоттың штабы орналасқанын хабарлаған еді. АҚШ тарапынан залалдың ауқымы туралы ақпарат әзірге берілген жоқ.
Сонымен қатар, The Associated Press хабарлауынша, осы апта басында базаға тиесілі барлық америкалық кемелер айлақтан шыққан. Теңізге алты жағалау күзеті кемесі жөнелтілген.




