Евразия24ЖаңалықтарИран Израильге ондаған дронмен соққы жасады

Иран Израильге ондаған дронмен соққы жасады

|

|

Дубай. 28 ақпан. Интерфакс – Иран қарулы күштері Израиль аумағына бағытталған соққы үшін бірнеше ондаған ұшқышсыз аппарат қолданылғанын хабарлады. Әскери құрылымның мәліметінше, бұл – Израильге қарсы дрондарды кең көлемде пайдаланып жүргізілген алғашқы ірі операция, әрі ол алдағы уақытта да жалғаспақ.

Ал осы кезде Израиль Қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Израиль сенбі күні Иранның «жүздеген әскери нысандарына» әуе соққы жасағанын мәлімдеді. Деректерге сәйкес, Иранның батыс бөлігіндегі баллистикалық зымырандарды ұшыру алаңдары жойылған.

Сонымен бірге, Иран Израильге зымыран атуды жалғастырып жатқаны, ал Израильдің әуе қорғанысы жаңа шабуыл толқынын тосып алуға тырысып жатқаны атап өтілді.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Канада Украинаға арналған 90 млрд еуролық несие бағдарламасына қосылуы мүмкін

Канада Украинаға 90 млрд еуро көлемінде несие беруге арналған бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Қазір бұл мәселе Еурокомиссиямен талқыланып жатыр. Бұл туралы Еурокомиссия өкілі Балаш Уйвари мәлімдеді.

Доллар иенаға қатысты айтарлықтай нығайды

Жұма күні АҚШ доллары иенаға шаққанда айтарлықтай қымбаттап, еуро мен фунтқа қатысты аздап нығайды.

Венесуэланың 4 млрд долларлық алтыны Лондоннан Нью-Йоркке көшірілуі мүмкін

АҚШ-тың арағайындығымен келіссөз жүргізіп жатқан Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозициясы елдің 31 тонна алтын қорын Лондоннан Нью-Йоркке көшіру жөнінде уағдаласуға жақын. Алтынның жалпы құны шамамен 4 млрд доллар. Бұл туралы Financial Times (FT) дереккөздеріне сүйеніп жазды.