Евразия24ЖаңалықтарБалтық теңізінде НАТО-ның 20 әскери кемесі қатысатын оқу-жаттығу басталады

Балтық теңізінде НАТО-ның 20 әскери кемесі қатысатын оқу-жаттығу басталады

|

|

Минск. 20 қараша. ИНТЕРФАКС – Финляндия Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Freezing Winds 25» («Суық желдер 25») атты ірі әскери-теңіз оқу-жаттығулары келесі аптада Балтық теңізіндегі Финляндия мен Эстонияның аумақтық суларында өтеді.

«Күзгі негізгі әскери жаттығу Freezing Winds 25 Финляндияның Әскери-теңіз күштерінің басшылығымен 2025 жылғы 24 қарашадан 4 желтоқсанға дейін Финляндияның оңтүстігінде, Архипелаг теңізінде және Фин шығанағының сағасында өтеді… Жаттығу барысында күштер мен кемелер Эстонияның аумақтық суларын да пайдаланады», – делінген министрлік таратқан мәліметте.

Оқу-жаттығуға Финляндияның НАТО-дағы одақтастары — Бельгия, Дания, Германия, Латвия, Литва, Нидерланд, Польша, АҚШ, Франция және Эстония елдерінің 20 әскери кемесі мен қамтамасыз ету кемелері қатысады. Сонымен қатар, НАТО-ның минаға қарсы тұрақты SNMCMG1 тобы да жұмылдырылмақ. Жалпы қатысушылар саны шамамен 5 мың әскери қызметкерді құрайды.

Финляндия Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығулардың негізгі тақырыптары — теңіздегі коммуникация мен стратегиялық маңызы бар инфрақұрылымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соғыс қимылдары мен аралдық және жағалау аймағындағы басқыншылықты тойтару операциялары, сондай-ақ Әскери-теңіз күштері мен жағалау күштерінің бірлескен әрекеттері.

Жаттығуға қатысатын кемелер 21 қарашадан бастап Финляндияның оңтүстік-батысындағы Турку порт қаласына келе бастайды.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

АҚШ қор нарығы төмендеп жатыр

Жұма күнгі сауда-саттықтың басында АҚШ қор индекстері төмендеуде. Инвесторлардың назарында үшінші аптаға жалғасқан Таяу Шығыстағы қақтығыс және оның энергетикалық нарықтарға ықпалы қалып отыр.

Иранның ымыраға келуі өңірде бейбіт қатар өмір сүруге жол ашуы мүмкін

Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Тегеран өңірде бейбітшілікке қол жеткізу үшін «елеулі ымыраға барып» және «ұстанымын түбегейлі өзгертуі» қажет екенін мәлімдеді.

Тоқаев пен Путин Ресей президентінің мамыр айының соңына жоспарланған мемлекеттік сапарының маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесу барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады.

Тоқаев Алматы әкіміне ЖИ паркін және жоғары жылдамдықты көлік жүйелерін дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұма күні Алматыда мегаполис әкімі Дархан Сатыбалдының қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және басым даму бағыттарын іске асыру туралы есебін тыңдады.