Евразия24ЖаңалықтарБектенов астықтың дер кезінде қабылдануын және сақтау қызметтерінің бағасының негізсіз өсуіне жол...

Бектенов астықтың дер кезінде қабылдануын және сақтау қызметтерінің бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуді тапсырды

|

|

 

Астана, 23 қыркүйек. – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдіктеріне жаңа өнімнің дер кезінде элеваторларда қабылдануын және сақтау қызметтері бағасының негізсіз қымбаттауына жол бермеуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңа өнімнің уақытылы қабылдануы мен кептірілуін қамтамасыз етуі тиіс. Сақтау инфрақұрылымы толық көлемде пайдаланылуы қажет», – деді Бектенов сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Премьер сондай-ақ өнімді, соның ішінде көкөніс өнімдерін сақтау қызметтеріне бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейтінін атап өтті.
«Қажет болған жағдайда бұл жұмысқа Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін де тарту керек», – деді ол.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың дерегінше, республика бойынша астық сақтау сыйымдылығы 30,7 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде қолданыстағы лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында – 13,3 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде – 17,4 млн тонна.

«Жаңа өнімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 3,1 млн тонна астық қойылды. Қоймалардың жүктемесі 23%-ды құрап отыр, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары. Сақтауға түскен жұмсақ бидайдың 60%-ы үшінші сыныпқа, 28%-ы төртінші сыныпқа, ал 12%-ы бесінші сыныпқа және сыныптан тыс бидайға жатқызылды», – деді министр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...