Евразия24ЖаңалықтарБиыл Қазақстан экономикасының өсімі 6%-дан асады

Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6%-дан асады

|

|

АСТАНА. 12 желтоқсан. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 6%-дан асады.

«Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6%-дан асады деп күтілуде.
Жалпы ішкі өнім көлемі 300 млрд АҚШ долларынан асып түседі. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың АҚШ долларынан жоғары болады», – деді Мемлекет басшысы жұма күні Ашхабадта өткен Бейбітшілік пен сенім форумында сөйлеген сөзінде.

Президенттің айтуынша, жаһандық экономика баяулағанына қарамастан, Орталық Азия бұл құбылыстан шет қалып отыр. Аймақ елдерінің барлығы тұрақты әрі сенімді экономикалық өсім көрсетуде.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан экономикасы 2024 жылдың қаңтар-қазан айларында 6,4%-ға өскен. Жылдық өсім 4,8%-ды құрады. Ұлттық банк 2025 жылы елдің ішкі жалпы өнімінің 5,5–6,5% аралығында өсетінін болжауда.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...