Евразия24ЖаңалықтарБразилия экс-президенті Болсонару төңкеріс жасауға талпынғаны үшін 27 жыл 3 айға бас...

Бразилия экс-президенті Болсонару төңкеріс жасауға талпынғаны үшін 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды

|

|

Вашингтон. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонару 2022 жылғы президенттік сайлаудан кейін билікті күшпен басып алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 27 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды CNN телеарнасы.

Бразилия Жоғарғы сотының бес судьясының төртеуі Болсонаруға тағылған бес бірдей айыпты қолдап, оған ұзақ мерзімді түрме жазасын тағайындауға дауыс берген.

Хабарламада көрсетілгендей, Болсонару келесі баптар бойынша кінәлі деп танылды: мемлекеттік төңкерісті алдын ала жоспарлау, қарулы қылмыстық ұйымның құрамында болу, елдегі демократиялық құрылымды күшпен құлатуға талпыну, мемлекеттік мекемелерге қарсы күш қолдану, 2023 жылғы 8 қаңтарда үкіметтік ғимараттарды шабуылдау кезінде мемлекеттік мүлікке зиян келтіру.

Айыпталушы өзіне тағылған барлық айыптарды мойындамаған.

Бұл сот процесі Бразилия қоғамында алаңдаушылық туғызып, қоғамдық пікірді қақ жарды. Өткен демалыс күндері елдің Тәуелсіздік күніне орай мыңдаған Болсонару жақтастары сот ісіне наразылық ретінде көшеге шықты.

Еске салсақ, 2022 жылғы қазан айының соңында өткен президенттік сайлаудың екінші турында Болсонарудың қарсыласы Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жеткен болатын. Алайда Лула да Силваның инаугурациясынан кейін Болсонару жақтастары ел парламентіне, Жоғарғы сотқа және президент резиденциясына шабуыл жасаған. Бұл әрекеттер мемлекеттік төңкеріс әрекеті ретінде бағаланып, істі тергеу прокуратураға жүктелген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...