Кабул. 27 ақпан. Интерфакс – Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Ауғанстан мен Пәкістан арасында шекара аймағында орын алған қақтығыстар мен азаматтардың қаза болуына алып келген әуе соққыларына байланысты екі елге саяси диалогты бастауға үндеу тастады, деп ұйымның ресми сайты хабарлады.
«Қазіргі жағдай күш қолдануды одан әрі күшейтуді емес, жедел саяси диалогты талап етеді. Пәкістан әскері Ауғанстан аумағында жасырынған қарулы топтарға соққы беріп жатқаны туралы хабарламалармен қатар, трансшекаралық қақтығыстар барысында бейбіт адамдардың қаза табуының күрт өскені жөнінде деректер келіп түсуде», – деді ол.
БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясы – БҰҰАКМ мәліметіне сәйкес, 2025 жылдың соңғы үш айында елде 70 бейбіт тұрғын қаза тауып, 478 адам жараланған.
«Осы аптада да жаңа құрбандар тіркелді: Пәкістан әуе күштерінің шабуылдары салдарынан 13 бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды», – деп атап өтті Тюрк.




