Евразия24ЖаңалықтарЖапонияда қаңтар айында бөлшек сауда 1,8%-ға, өнеркәсіптік өндіріс 2,3%-ға өсті

Жапонияда қаңтар айында бөлшек сауда 1,8%-ға, өнеркәсіптік өндіріс 2,3%-ға өсті

|

|

Мәскеу. 27 ақпан. Интерфакс – Жапонияда қаңтар айындағы бөлшек сауда көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға өсті, деп хабарлады елдің Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігі. Бұл – 2023 жылғы маусымнан бергі ең жоғары өсім. Желтоқсан айында көрсеткіш 0,9%-ға төмендеген еді. Trading Economics деректеріне сәйкес, сарапшылар қаңтарда сатылымның 0,4%-ға қысқаруын күткен. Автокөлік сатылымы 9,6%-ға, азық-түлік пен сусындар 1,8%-ға, фармацевтикалық өнімдер мен косметика 1,7%-ға өсті. Ал жанармай сатылымы 7,3%-ға, киім-кешек пен аксессуарлар 2,1%-ға азайды. Алдыңғы аймен салыстырғанда қаңтарда бөлшек сауда 4,1%-ға артқан – бұл 2019 жылдың қыркүйегінен бергі ең жоғары айлық өсім. Желтоқсанда ол 2%-ға төмендеген болатын. Алдын ала деректер бойынша, Жапонияның өнеркәсіптік өндірісі қаңтарда желтоқсанға қарағанда 2,2%-ға, бір жылдық есепте 2,3%-ға өсті. Желтоқсанда айлық көрсеткіш 0,1%-ға төмендеп, жылдық өсім 2,6%-ды құраған.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев әлеуметтік саладағы заңсыздықтарға, әсіресе мүгедектік рәсімдеуге назар аударды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде мүгедектігі бар азаматтар санының өсуіне назар аударып, әлеуметтік салада жеңілдіктерді негізсіз пайдалану жағдайлары бар екенін айтты.

Пәкістан Иранмен энергия тасымалы мен кеме қатынасы мәселесін талқылады

Пәкістан Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Исхак Дар Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен телефон арқылы сөйлесіп, энергия ресурстарын жеткізу мен теңіз арқылы жүк тасымалына кедергі келтірмеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Dawn басылымы Пәкістан СІМ мәлімдемесіне сүйеніп хабарлады.

Оңтүстік Корея Таяу Шығыста АҚШ-пен ынтымақтасудың жолдарын қарастырып жатыр

Оңтүстік Корея Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ-пен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын, алайда өңірге әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы сенбі күні «Рёнхап» агенттігі Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Гренландияда АҚШ-тың 150-ге жуық әскери қызметкері бар

Қазір Гренландияда тұрақты орналасқан АҚШ әскери контингентінің құрамында шамамен 150 әскери қызметкер бар. Бұл Пентагон деректерінде көрсетілген.