Евразия24Еуразия патриоттарыПесков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

Песков Ресейдің ТМҰ-ға қатысуы туралы пікір білдірді

|

|

«Ведомости» басылымы хабарлайды: «Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуы қисынды әрі орынды болар еді. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген. Дегенмен бұл мәселе Қазақстанмен келіссөздер барысында талқылануы мүмкін. «Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, өздеріңіз білетіндей, Ресейдің бірқатар өңірінде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұрады», – деді Песков. Ол ұйым жұмысына жекелеген өңірлер емес, тұтас Ресей Федерациясының қатысуы туралы сөз болуы керек екенін атап өтті».

 

Еуразия24 пікірі:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымымен (ТМҰ) ынтымақтастығын кеңейтуді ұсынғанда, оны Ресейдің жекелеген өңірлерімен шектеу қажет деген жоқ. Керісінше, «ТМҰ+» форматы ұйымға мүше емес мемлекеттермен тұтастай ықпалдасуға мүмкіндік беруді көздейді. Бұл тұрғыда Ресей – қажетті әрі маңызды серіктес.

Ресей – түркі халықтары ел тарихының, мәдениетінің және қазіргі қоғамдық-саяси өмірінің ажырамас бөлігі саналатын көпұлтты мемлекет. Біздің пайымдауымызша, Қазақстан да, ТМҰ-ның өзге мүшелері де Ресейді жекелеген өңірлеріне ғана қарап, ішінара түркілік сипаты бар ел деп қабылдамайды. Халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасқан тәртібі бойынша да ұйымдарға егемен мемлекеттер қатысады. Ал Ресейдің түркі халықтары тұратын өңірлері мәдени, білім беру және гуманитарлық жобаларға белсенді атсалыса алады.

Айтпақшы, ТМҰ жұмысына түркітілдес емес мемлекеттің қатысу тәжірибесі бар. Мажарстан 2018 жылы-ақ бақылаушы мәртебесін алған. Демек, ТМҰ тек тілдік жақындыққа негізделген бірлестік аясынан әлдеқашан шығып, ортақ экономикалық, мәдени және геосаяси мүдделерге сүйенген ынтымақтастықты дамытып келеді.

Ресейдің «ТМҰ+» аясындағы ынтымақтастығының практикалық маңызы бар. Ол Орталық Азияны Еуропа нарықтарымен байланыстырып, халықаралық көлік дәліздерін, энергетикалық және өнеркәсіптік жобаларды дамытуға қатысады. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия үшін Мәскеумен байланысты кеңейту сауда, логистика, инвестиция және ғылыми-техникалық ынтымақтастық салаларында қосымша мүмкіндіктер ашады. Бұл үшін түркі интеграциясы аясында жаңа міндеттемелер қабылдау немесе қолданыстағы әріптестік келісімдерді өзгерту қажет емес. Ресейдің «ТМҰ+» форматына қосылуы диалог алаңын кеңейте түседі.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Өзгенің баласын өз атына жаздырған ер адам енді одан бас тарту үшін Конституциялық сотқа жүгінді

Астанадағы Конституциялық сотта судья-баяндамашы Айжан Жатқанбаеваның төрағалығымен баланың анасымен ажырасқаннан кейін өзінің әкелігін даулап отырған ер адамның өтініші қаралып жатыр. Ол баланың биологиялық әкесі емес.

Еңбек министрлігі: сынақ мерзімі жалақы төлемеуге негіз емес

Жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағанда оның кәсіби дағдыларын және тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін бағалау үшін сынақ мерзімін белгілей алады. Алайда сынақ мерзімі азаматтардың еңбек құқықтарын шектемейді.

Британдық сарапшылар қазақстандық ЖИ жобаларының келешегін бағалады

Қазақстан өнеркәсіпке арналған жасанды интеллект әзірлеуге қатыса алады – британдық басылым. Жасанды интеллект Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласын ғана емес, экономиканың негізгі салаларын да өзгерте алады.

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.