Евразия24Таңдаулы жаңалықтарБритандық сарапшылар қазақстандық ЖИ жобаларының келешегін бағалады

Британдық сарапшылар қазақстандық ЖИ жобаларының келешегін бағалады

|

|

Kazinform хабарлайды: «Қазақстан өнеркәсіпке арналған жасанды интеллект әзірлеуге қатыса алады – британдық басылым. Жасанды интеллект Қазақстанның ақпараттық технологиялар саласын ғана емес, экономиканың негізгі салаларын да өзгерте алады. ЖИ негізіндегі технологиялар жабдықтарды басқаруға, геологиялық деректерді талдауға, энергетикалық нысандардың жұмысын болжауға және өндірістік үдерістерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлыбританияның халықаралық қаржы-талдау басылымы Global Banking & Finance Review жазады. «Тау-кен өнеркәсібі дамыған, аграрлық секторы ауқымды әрі транзиттік әлеуеті бар ел үшін бұл бағыт айрықша мүмкіндіктер ашады. Қазақстан дайын технологияларды сатып алумен шектелмей, өзі тәжірибе жинақтаған және өндірістік базасы қалыптасқан салаларға арналған технологиялық шешімдерді әзірлеуге де қатыса алады», – делінген жарияланымда».

 

Еуразия24 пікірі:

Британдық сарапшылар мақтау сөзін аямағанымен, олардың оң бағасына негіз бар. Әсіресе NVIDIA басшысы Дженсен Хуангтың Қазақстанға сапарынан кейін мұндай сенім нығая түсті.Әмбебап нейрожелілер жасау ісінде АҚШ пен Қытаймен бәсекеге түсуіміз міндетті емес. Ал еліміз мол тәжірибе жинақтаған мұнай өндіру, металлургия, геологиялық барлау және энергетика салаларына арналған мамандандырылған ЖИ технологияларын әзірлеудің келешегі зор. Бұл бағытта алғашқы нәтижелер де бар.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллектіні енгізудің 2025–2026 жылдарға арналған жол картасы 11 ірі кәсіпорындағы 41 жобаны қамтиды. Мәселен, ERG MES цифрлық платформасының экономикалық тиімділігі қазірдің өзінде шамамен 1,5 млрд теңгені құраған. Ал 2026 жылғы сәуірде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 4 мыңнан астам мұнай ұңғымасының жұмысын бақылайтын қазақстандық ЖИ жүйесін АҚШ-қа экспорттауға дайындап жатқанын хабарлады.

 

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Еуропаның қор индекстері төмендеп жатыр

АҚШ-тың Ирандағы Кешм аралына шабуыл жасағаны туралы хабарлардан кейін мұнай бағасы көтеріліп, сейсенбі күні Батыс Еуропаның ірі елдеріндегі акциялар нарығы төмендеді.

Еурокомиссия басшысы экологиялық таза экономикаға көшуді Еуропа тәуелсіздігінің кепілі деп санайды

Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Еуроодақтың экологиялық таза экономикаға көшу бағытынан айнымайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл – Еуропа тәуелсіздігінің кепілі.

Финляндиядан кейін Норвегия да Ресей хоккейшілерімен ойнаудан бас тартты

Норвегия хоккей қауымдастығы ұлттық құрамасының 2027 жылғы мамырда Германияда өтетін әлем чемпионатында Ресей құрамасымен ойнамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы сейсенбі күні еуропалық БАҚ хабарлады.

«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Тоқаевқа компанияның жұмыс нәтижелері мен жоспарлары туралы баяндады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың компанияның ағымдағы қызметі мен стратегиялық басымдықтарының іске асырылуы жөніндегі есебін тыңдады.