Евразия24ЖаңалықтарДДҰ Еуропада жаңа тұмау түрі денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсіріп жатқанын...

ДДҰ Еуропада жаңа тұмау түрі денсаулық сақтау жүйесіне үлкен салмақ түсіріп жатқанын ескертті

|

|

Брюссель. 17 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Еуропада таралып жатқан тұмаудың жаңа түрі аймақ елдерінің денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай жүктеме түсіріп отыр. Бұл туралы сәрсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге мәлімдеді.

Оның айтуынша, тұмау қыс мезгілінде жыл сайын тіркелгенімен, биылғы эпидемиологиялық ахуалдың ерекшелігі бар. «Қазіргі жағдай ауру қоздырғышындағы тіпті шамалы генетикалық өзгерістердің өзі денсаулық сақтау жүйесіне айтарлықтай қысым әкелуі мүмкін екенін көрсетіп отыр», – дейді Ханс Клюген.

ДДҰ өкілі тұмау маусымының шарықтау шегі желтоқсан айының соңы немесе қаңтардың басына сәйкес келуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар ол жағдайдың күрделі екенін мойындай отырып, бұл ахуал COVID-19 пандемиясы кезіндегідей жаһандық төтенше жағдай деңгейіне жетпейтінін айтты.

Ұйымның деректеріне сәйкес, Еуропада тіркелген тұмау жағдайларының шамамен 90 пайызы A(H3N2) вирусына тиесілі.

Францияның денсаулық сақтау органдары бұл штаммның әртүрлі жас топтары арасында жоғары деңгейде таралып жатқанын хабарлаған. Испанияда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, биыл тұмау жұқтыру көрсеткіші өткен жылғы деңгейден асып кеткен. Ал Германияда медициналық қызмет өкілдері тұмау маусымы әдеттегіден 2–3 апта бұрын басталғанын атап өтуде.

Осы күні Ресей Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты А.А. Смородинцев атындағы Тұмау ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Дарья Даниленко елде тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың маусымдық өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы апталарда сырқаттану деңгейі одан әрі артуы мүмкін.

Ағымдағы маусымда Ресейде және Солтүстік жартышардың басым бөлігінде, соның ішінде Солтүстік Америка мен Еуропада A(H3N2) вирусы белсенді айналымда. Бұл вирус «гонконг тұмауы» атауымен белгілі және бүгінде әлемде тұрақты түрде таралып жүрген маусымдық тұмаудың негізгі қоздырғыштарының бірі саналады. Аталған вирустың тез өзгеру қабілеті жоғары болғандықтан, тұмауға қарсы вакциналардың құрамын үнемі жаңартып отыру және халықты жыл сайын екпемен қамту қажеттілігі сақталып отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

ICE агенттері Италиядағы Олимпиада қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыспайды

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясының (ICE) қызметкерлері Италияда өтетін алдағы қысқы Олимпиада ойындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатыспайды.

Ақ үй Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін әзірледі

АҚШ әкімшілігі Ресейге қатысты жаңа санкциялар пакетін дайындауды аяқтаған, бірақ оларды күшіне енгізу жөнінде әзірге нақты нұсқаулар берілмеген.

Тоқаев Пәкістан Премьер-министрін биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды

Пәкістан Қазақстан үшін Оңтүстік Азиядағы маңызды әрі сенімді серіктес, екі елдің көпқырлы ынтымақтастықты кеңейтуге толық мүмкіндігі бар.

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік 50,8 пунктке дейін жақсарды

Қаңтар айында Қазақстандағы іскерлік белсенділік оң аймаққа қайта шығып, 50,8 пунктті құрады. Бұл туралы елдің Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.