Евразия24ЖаңалықтарЕрдоған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жақын арада реттелетініне үміт білдірді

Ердоған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жақын арада реттелетініне үміт білдірді

|

|

Стамбул. 13 желтоқсан. ИНТЕРФАКС – Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың жуырда аяқталатынына үміт білдірді.

«Көріп отырғанымыздай, бейбітшілік кезеңі таяп келеді», – деп Ердоған.

Түркия басшысының айтуынша, Ашхабадта Ресей Президенті Владимир Путинмен мазмұнды әрі нәтижелі әңгіме болған. Ердоған алдағы уақытта бейбіт бастамаларды АҚШ Президенті Дональд Трамппен де талқылауға үміттенетінін атап өтті.

Сонымен қатар Түркия Президенті Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Оның пікірінше, Қара теңіз өзара текетірес алаңына айналмауы тиіс, өйткені бұл ниет Ресейге де, Украинаға да пайда әкелмейді.

«Қара теңіздегі теңіз қатынасының қауіпсіздігі баршаға қажет», – деді Ердоған.

Айта кетейік, Түркия басшысы Ашхабадта өткен Бейбітшілік пен сенімнің халықаралық форумына қатысты.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Электр энергетикасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық интеграцияны тереңдетудің негізгі тетіктері

Ресей Президенті Владимир Путин Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Әңгімелесу барысында Президенттер екіжақты қатынастардың күн тәртібін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентінің мамыр айының соңына жоспарланған Қазақстанға мемлекеттік сапары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Владимир Путин Астанада өтетін алдағы келіссөздерге қатысты осындай пайыммен келісетінін білдіріп, барлық стратегиялық маңызы бар салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Спорт – экономикалық дамудың маңызды факторы. 2-бөлім

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, спортты тиімді дамыту коммерциялық индустрия (кәсіби лигалар, медиақұқықтар, демеушілік) мен қоғамдық бастамалардың (бұқаралық спорт, мемлекеттік бағдарламалар, қызығушылықтар бойынша клубтар) өзара үйлесіміне негізделеді. Бұл элиталық спорттың қаржылық тұрақтылығын да, спорттың қолжетімділігі арқылы ұлт саулығын да қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуметтік бірігу мен инвестициялық тартымдылықты қалыптастырады. В. Ледневтің пайымдауынша, қазіргі заманғы әлемдік спорт пирамидасы көптеген спорттық «архитекторлар мен конструкторлардың» күшімен құрылған.

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...