Евразия24ЖаңалықтарФинляндияда Ресеймен шекараны қоршауды жыл соңына дейін аяқтайды — БАҚ

Финляндияда Ресеймен шекараны қоршауды жыл соңына дейін аяқтайды — БАҚ

|

|

Хельсинки. 20 қаңтар. Интерфакс — Финляндия билігі Ресеймен шекарадағы қоршау құрылысын 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды елдің Yle телерадио корпорациясы.

«Шығыс шекарадағы қоршау жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны шамамен 380 млн еуроны құрайды», — деп жазады Yle сейсенбі күні Шекара қызметі департаментіне сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, заңсыз көші-қон қаупі ең жоғары саналатын аймақтарда, ең алдымен елдің оңтүстік-шығысында, ұзындығы 200 км болатын қоршау орнату көзделіп отыр. Соның ішінде шамамен 140 км оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды, қазіргі таңда бұл аумақта 100 км-ге жуық қоршау дайын.

Финляндия мен Ресей арасындағы шекараның жалпы ұзындығы шамамен 1340 км.

Биыл шекарадағы жағдайды жасанды интеллект көмегімен талдайтын техникалық мониторинг жүйесі де енгізіледі. Басылымның мәліметінше, осы жүйенің көмегімен 15 қаңтарда Иматра қаласы маңында Финляндия жағынан Ресейге өтпек болған алғашқы заң бұзушы ұсталған.

Финляндия билігі қоршау салу қажеттілігін Ресей тарапынан үшінші ел азаматтарының Батысқа жаппай көшуі ұйымдастырылып отыр деген уәжбен түсіндіреді. Олар мұны «гибридтік шабуыл» және ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер ретінде бағалайды.
2023–2024 жылдары шығыс шекарадағы барлық сегіз жолаушылар өткізу бекетін жабу туралы бірнеше рет шешім қабылданған, содан кейін үкімет Ресеймен шекараны «қосымша хабарланғанға дейін» жабық ұстайтынын мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, қоршау тікенекті сыммен жабдықталған, биіктігі шамамен 4 метр болатын дуал түрінде салынады. Қоршаудың жанынан шекара патрульдерінің қозғалысы мен жөндеу жұмыстарына арналған жолдар салынады. Нысанға бөлінетін тазартылған аумақтың ені шамамен 10 метрге дейін жетеді. Қоршауда патрульдер мен жануарлардың өтуіне арналған өткелдер қарастырылған, ал ең маңызды аймақтарда дыбыс күшейткіштер мен жарықтандыру жүйелері орнатылады.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...