Евразия24ЖаңалықтарФранцияның Палестинаны мойындау жоспарын Испания, Сауд Арабиясы және Иордания қолдады

Францияның Палестинаны мойындау жоспарын Испания, Сауд Арабиясы және Иордания қолдады

|

|

БРЮССЕЛЬ. 25 шілде. ИНТЕРФАКС – Франция Президенті Эммануэль Макронның БҰҰ Бас Ассамблеясының қыркүйек айында өтетін сессиясында Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін ресми мойындау жөніндегі жоспарын Испания, Сауд Арабиясы және Иордания қолдап отыр.

Испания Премьер-министрі Педро Санчес әлеуметтік желідегі жазбасында:

«Францияның Испания мен Еуропаның өзге де мемлекеттеріне қосылып, Палестина мемлекетін мойындауға ниет білдіруін қуана қарсы аламын», – деп мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл қадам Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «жоюға тырысып жатқан» әділеттілік қағидатын қорғауға бағытталған.

«Екі мемлекет негізіндегі шешім – жалғыз мүмкін жол», – деді Санчес.

Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде Францияның бастамасы «тарихи шешім» ретінде бағаланды. Ведомствоның хабарлауынша, бұл қадам «халықаралық қауымдастықтың палестиналықтардың 1967 жылғы шекаралар шегінде, астанасы – Шығыс Иерусалимде орналасқан тәуелсіз мемлекет құру құқығын мойындайтынын тағы бір мәрте дәлелдейді». Министрлік өзге елдерді де Париждің бастамасын қолдауға шақырды.

Иордания Сыртқы істер министрлігінің өкілі әлеуметтік желіде жасаған мәлімдемесінде, Макронның шешімі халықаралық қолдауға ие болып, Палестина мемлекетін мойындауға бағытталған үдерісті ілгерілететініне үміт білдірді.

Оның айтуынша, екі мемлекеттің бейбіт қатар өмір сүру қағидаты – өңірде әділетті, жан-жақты әрі тұрақты бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін Францияның жоспарына қарсы пікір білдіріп, бұл шешімді сынға алған болатын. Оның пайымдауынша, «аталған әрекет – бейбітшілік орнауына тосқауыл болып, ХАМАС-тың үгіт-насихатына қызмет етеді».

Францияның бастамасын Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху да айыптады. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол:

«Қазіргі жағдайда Палестинаны мемлекет ретінде мойындау – Израильді жоюға арналған плацдарм жасау, ал бейбіт қатар өмір сүруге жол ашу емес», – деп мәлімдеді.

Бұған дейін Франция Президенті Эммануэль Макрон Париждің қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін мойындайтынын жариялаған болатын.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...