Евразия24ЖаңалықтарФРЖ шешімінен кейін Уолл-стрит индекстері өсті

ФРЖ шешімінен кейін Уолл-стрит индекстері өсті

|

|

 

Мәскеу, 19 қыркүйек. ИНТЕРФАКС. АҚШ-тың қор нарығындағы негізгі индекстер бейсенбі күнгі сауда-саттықты оң нәтижемен аяқтады. Инвесторлар Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) қыркүйектегі отырысының қорытындыларын бағалауды жалғастыруда.

Сәрсенбі күні ФРЖ күткендей базалық пайыздық мөлшерлемені 25 базистік пунктке төмендетіп, оны 4–4,25% деңгейіне түсірді. Сонымен бірге орталық банктің жаңа медиандық болжамы бойынша, жыл соңына дейін мөлшерлеме тағы екі рет төмендетілуі мүмкін. Бұған дейінгі болжамда, қыркүйек отырысын қоса алғанда, тек екі рет төмендету қарастырылған еді.

Pepperstone Group сарапшысы Майкл Браун:
«Егер еңбек нарығындағы әлсіздік жалғасатын болса, ФРЖ ақша-несие саясатын одан әрі жұмсартады. Бұл күткеннен әлдеқайда жылдам жүзеге асады», – дейді.

BNP Paribas Wealth Management өкілі Стефан Кемпер болса, инфляция әлі жоғары болып тұрған кезеңде мөлшерлемені төмендету – ФРЖ үшін әдеттен тыс қадам екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл арқылы реттеуші инфляциямен күрестен гөрі еңбек нарығын қолдауды басты басымдық етіп отырғанын аңғартты.

Осы күні жарияланған мәліметке сәйкес, АҚШ-та өткен аптада алғашқы жұмыссыздық жәрдемақысын алуға өтініш білдірушілер саны 33 мыңға азайып, 231 мыңға дейін төмендеген. Бұған дейін бұл көрсеткіш 264 мың болған (2021 жылғы қазаннан бергі ең жоғары деңгей), ал сарапшылар орташа есеппен 240 мыңға дейін төмендейді деп болжаған еді (Trading Economics деректері). Intel Corp. акциялары 23%-ға жуық қымбаттап, 1987 жылдан бергі ең жоғары күндік өсімді көрсетті. Бұл көрсеткішке Nvidia Corp.-тың проблемалық жағдайдағы чип өндірушіге 5 млрд доллар инвестиция салатыны туралы жаңалық түрткі болды. Екі компания дербес компьютерлер мен деректерді өңдеу орталықтарына арналған жаңа чиптерді бірлесе әзірлеу жөнінде келісімге келген. Nvidia акциялары 3,5%-ға өсті. Ал АҚШ-тың болат өндірісі саласындағы ірі компанияларының бірі — Nucor Corp. — осы тоқсанға қатысты болжамын нашарлатып, барлық үш негізгі сегмент бойынша кірістің төмендеуін күтетінін мәлімдеді. Бұл жаңалықтан кейін оның акциялары 6%-ға арзандады. Cracker Barrel Old Country Store Inc. акциялары да 7,6%-ға төмендеді. Ресторандар желісі 2024 қаржы жылына қатысты болжамы бойынша 3,35–3,45 млрд доллар көлемінде ғана түсім күтетінін жариялады, ал сарапшылар 3,52 млрд доллар болжайтын. GE Healthcare акциялары 3,4%-ға түсіп кетті — Батыс басылымдарының хабарлауынша, компания өзінің Қытайдағы бөлімшесінің бір бөлігін сатуды қарастырып жатыр. Darden Restaurants котировкалары 7,7%-ға құлдырады. Olive Garden және LongHorn сияқты мейрамхана желілерін басқаратын бұл оператор бірінші тоқсанда кіріс пен табысты арттырғанымен, түзетілген қаржылық көрсеткіштері нарық күткен деңгейден төмен болды.

Сауда нәтижелері бойынша Dow Jones Industrial Average индексі 0,27%-ға өсіп, 46 142,42 пунктке жетті. Индекстегі ең жоғары өсім Caterpillar акцияларына тиесілі болды – олар 3,6%-ға қымбаттады, ал Visa Inc. бағалы қағаздары 2,3%-ға арзандады. S&P 500 индексі 0,48%-ға артып, 6 631,96 пунктті құрады. Nasdaq Composite 0,94%-ға көтеріліп, 22 470,73 пунктке жетті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Жапония Қытайдың әскери ұшағының әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірді

Жапония үкіметі Қытай тарапына наразылық білдірді. Бұған Қытайдың әскери ұшағы Жапонияның Окинава аралы маңында жапондық F-15 жойғыштарына радарын бағыттағаны себеп болды, деп хабарлайды жексенбі күні Associated Press (AP) агенттігі.

Индонезияның шығысында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңізі аумағында жексенбі күні 5,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Ресей ғылым академиясы Біріккен геофизикалық қызметінің Алтай-Саян филиалы.

Трамптың Венесуэлаға қатысты әрекеттері аралық сайлауға кері әсер етуі мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамптың есірткі тасымалдауға қатысы бар делінген кемелерге соққы беруі және Венесуэлаға қарсы құрлықтағы әскери операция жүргізу туралы мәлімдемесі республикалық партияның кейбір өкілдері арасында алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды The Washington Post.

Макрон, Стармер және Мерц дүйсенбі күні Лондонда АҚШ пен Украина өкілдерінің келіссөздерін талқыламақ

Франция президенті Эммануэль Макрон, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Германия канцлері Фридрих Мерц дүйсенбі күні Лондонда кездесіп, АҚШ пен Украина өкілдерінің Майамидегі келіссөздерінің нәтижелерін ескере отырып, Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі бірлескен іс-қимылды үйлестіруді жоспарлап отыр.