Евразия24ЖаңалықтарГермания 80-нен астам ауған азаматын депортациялады

Германия 80-нен астам ауған азаматын депортациялады

|

|

Берлин. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – Германия билігі ауыр қылмыс жасаған 81 ауған азаматын еліне депортациялады. Бұл туралы жұма күні Германия Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Бүгін таңертең Германия ұжымдық депортация аясында 81 ауған азаматын еліне жөнелтті», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес, депортацияланғандардың барлығы – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамдар.

Ұжымдық депортация Қатармен қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде жүзеге асқан.

«Бұл – коалициялық келісім аясындағы көші-қон саясатының келесі кезеңі. Алдағы уақытта да депортация жалғасады. Германия өз аумағында ауыр қылмыс жасаған адамдарға тұру құқығын бермейді», – деді елдің ішкі істер министрі Александр Добриндт.

Неміс ақпарат құралдары бұл жаңа канцлер Фридрих Мерц үкіметі тұсындағы Ауғанстан азаматтарын елден шығару бойынша алғашқы оқиға екенін, сондай-ақ Талибан билікке келген 2021 жылдан бері екінші депортация екенін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Әлеуметтік аударым төмендеуі мүмкін: Мәслихаттар мен “Атамекен” ШОБ жүктемесін жеңілдетуге күш салуда

Қазақстанның ірі қалалары мен көптеген облыстарының мәслихаттары арнайы салық режимінде жұмыс істейтіндер үшін әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесін 3%-ға дейін төмендету мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл бастаманы көтерген – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

Алтын мен күмістің қымбаттауы: инвесторлар нақты активтерге қайта оралуда

Инвестицияның пайда немесе шығынәкелуі оның бағытталған экономикалық саласына тікелей байланысты. XXI ғасырда өндірістік сектордың күрделенуіне байланысты қаржы саласына инвестиция құю үрдіске айналды. Алайда қаржы құралдарының ішінде де жалған активтер бар, шынайы құндылығы барлары да бар. Ішкі құны бар активтерге – мысалы, бағалы металдар – жатады және 2025 жылы дәл осы активтер барлық басқа бағыттардан басым көрсеткіштер көрсетті.

Орталық Азияны жанармай тапшылығы күтіп тұр

 Cronos.Asia швейцариялық энергетикалық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы Владимир Паддактың сөзін келтіре отырып былай деп жазады: “Санкциялар мен дрон шабуылдары Ресейдегі мұнай өңдеу инфрақұрылымына айтарлықтай нұқсан келтіріп, Орталық Азия мен Моңғолияда жанармай тапшылығы қаупін күшейтіп отыр.

Қазақстанда шаңырақ, домбыра және қызғалдақ ұлттық символдар ретінде бекітілді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта, өзге тармақтармен қатар, ұлттық символдардың тізімі айқындалған.