Евразия24ЖаңалықтарГермания 80-нен астам ауған азаматын депортациялады

Германия 80-нен астам ауған азаматын депортациялады

|

|

Берлин. 18 шілде. ИНТЕРФАКС – Германия билігі ауыр қылмыс жасаған 81 ауған азаматын еліне депортациялады. Бұл туралы жұма күні Германия Ішкі істер министрлігі хабарлады.

«Бүгін таңертең Германия ұжымдық депортация аясында 81 ауған азаматын еліне жөнелтті», – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ақпаратқа сәйкес, депортацияланғандардың барлығы – бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған ер адамдар.

Ұжымдық депортация Қатармен қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестік шеңберінде жүзеге асқан.

«Бұл – коалициялық келісім аясындағы көші-қон саясатының келесі кезеңі. Алдағы уақытта да депортация жалғасады. Германия өз аумағында ауыр қылмыс жасаған адамдарға тұру құқығын бермейді», – деді елдің ішкі істер министрі Александр Добриндт.

Неміс ақпарат құралдары бұл жаңа канцлер Фридрих Мерц үкіметі тұсындағы Ауғанстан азаматтарын елден шығару бойынша алғашқы оқиға екенін, сондай-ақ Талибан билікке келген 2021 жылдан бері екінші депортация екенін атап өтті.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Сауд Арабиясының мұнай құбырына жасалған дрон шабуылы Ирак аумағынан басталған

ДУБАЙ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Сауд Арабиясының «Шығыс –...

Путин БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі өкілдікті кеңейтуді ұсынды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің құрамына...

Путин БРИКС елдерін халықаралық экономикалық ұйымдардағы іс-қимылды үйлестіруге шақырды

ДЕЛИ. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – БРИКС елдері Халықаралық валюта...

Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазындағы стратегиялық аралды басып алды

ВАШИНГТОН. 12 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Йемендік хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазының...