Евразия24ЖаңалықтарХАМАС алғашқы израильдік тұтқындарды босатты

ХАМАС алғашқы израильдік тұтқындарды босатты

|

|

Иерусалим. 13 қазан. ИНТЕРФАКС – Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең ХАМАС қозғалысы алғашқы жеті израильдік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырған.

Босатылғандар арасында Матан Ангрест, Гали және Зив Берман ағайындылары, Алон Охель, Эйтан Мор, Омри Миран және Гай Гильбоа-Даллал бар екені хабарланды.

«Аль-Арабия» телеарнасының ақпаратына сәйкес, тұтқындарды беру процесі Газа қаласында жүзеге асырылуда.

Өз кезегінде Қызыл Крест өкілдері: «Халықаралық Қызыл Крест комитеті Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім келісімінің аясында тұтқындар мен ұсталғандарды босатуға жәрдемдесуге бағытталған көпкезеңді операцияны бастады», – деп мәлімдеді.

Алайда Израиль қорғаныс армиясы тарапынан ресми растау әзірге берілген жоқ.

Қызыл Крест қызметкерлері тұтқындарды Израиль армиясының әскерилеріне жеткізеді. Осыдан кейін босатылғандар Реим маңындағы әскери нысанға жеткізіліп, онда алғашқы медициналық және психологиялық тексеруден өтеді және жақындарымен қайта қауышады.

Газа секторының әртүрлі аймақтарында қалған 13 тұтқын кейінірек босатылатын болады.

Бұған дейін тұтқындарды таңғы сағат 6:00 немесе 7:00 шамасында босату жоспарланғаны хабарланған. Кейінірек тұтқындардың туыстарына сағат 8:00-де күту керектігі айтылған.

Израиль армиясы дүйсенбі күні кейбір қаза тапқан тұтқындардың мәйіттері қайтарылатынын мәлімдеді. Қанша адамның мәйіті қайтарылатыны нақты көрсетілмеген. Әскерилер бұл үдерістің бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

ХАМАС тұтқындары Израильге қайтарылған соң, жүздеген палестиналық тұтқын бостандыққа шығып, Газадағы аумаққа жіберіледі.

«Аль-Джазира» телеарнасының мәліметінше, Қызыл Крест автобустары Израильдің Офер әскери түрмесіне келген. Мұнда 108 палестиналық тұтқын босатылады деп күтілуде. Сонымен қатар, Негевтегі Кциот түрмесінен тағы 142 палестиналық тұтқын босатылмақ.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...