Евразия24ЖаңалықтарХАМАС қозғалысы келіссөздерді қайта бастау үшін гуманитарлық көмектің тұрақты жеткізілуін талап етуде

ХАМАС қозғалысы келіссөздерді қайта бастау үшін гуманитарлық көмектің тұрақты жеткізілуін талап етуде

|

|

Иерусалим. 4 тамыз. ИНТЕРФАКС – Палестиналық ХАМАС қозғалысы Израильмен тұтқындарды қайтаруға қатысты келіссөздерді қайта жандандыру үшін алдын ала шарт ретінде Газа секторына күн сайын гуманитарлық жүктермен жабдықталған жүздеген көлік құралдарының кіруін талап етіп отыр. Бұл туралы Jerusalem Post басылымы аты-жөнін атамаған ақпарат көзіне сілтеме жасап хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, ХАМАС қазіргі уақытта келіссөздерге оралу үшін гуманитарлық қолдаудың тұрақты әрі кең көлемде жеткізілуін басты талап ретінде қойып отыр. Атап айтқанда, күн сайын жүздеген жүк көлігі Газа секторына еш кедергісіз өтуі қажет.
Бұған қоса, аталған басылым АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Израильдік тұтқындардың туыстарымен кездесу барысында Вашингтон мен Тель-Авивтің соғысты тоқтату және тұтқындарды босату бойынша шекті келісім жобасын әзірлеп жатқанын хабарлағанын жазды.
Сонымен қатар, газетке пікір білдірген тағы бір сарапшы тараптардың уағдаластыққа келу процесі бірнеше айға созылуы мүмкін екенін атап өтті.
— Алдағы кезеңдегі келіссөздер оңай болмайды, бұл – аса күрделі әрі ұзақмерзімді саяси процесс, — деді дереккөз.
Уиткоффтың айтуынша, қазіргі таңда Газадағы соғысты толық тоқтату және жағдайды реттеуге бағытталған келісімге келу – басым саяси міндеттердің бірі.
Алайда ол ХАМАС-пен жүргізіліп жатқан келіссөздерде нақты ілгерілеушілік жоқ екенін да атап өтті.
— ХАМАС өз міндеттемелерін орындауға құлық танытпай отыр. Келіссөздер үміттен гөрі алаңдаушылық тудырды. Қазір біз «не бәріне келісу, не келіссөздерді доғару» қағидаты бойынша әрекет етуіміз қажет, — деді АҚШ президентінің арнайы өкілі.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Словениядағы Қазақстан елшісін ауыстырып, Босния және Герцеговина, Черногория мен Туниске елшілер тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісін ауыстырды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Ержан Ашықбаев СІМ басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевты Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындады.

Еуропада газ тұтыну күрт артты: қоймадағы қор мерзімінен бұрын жұмсалуда

Өткен аптада Еуропадағы газ операторлары жұмыс күндерінің басым бөлігінде (сейсенбіден бейсенбіге дейін) жерасты қоймаларынан газды көбірек тұтынған. Бұл жөнінде Gas Infrastructure Europe ұйымы хабарлады. Атап айтқанда, 7, 8 және 9 қазан күндері қоймалардан алынған газ көлемі енгізілген мөлшерден асып түскен. Осы күндері өңірде ауа райы былтырғыға қарағанда әлдеқайда суық болған.

ХАМАС алғашқы израильдік тұтқындарды босатты

Израильдік БАҚ-тың хабарлауынша, дүйсенбі күні таңертең ХАМАС қозғалысы алғашқы жеті израильдік тұтқынды Қызыл Крест ұйымына тапсырған. Босатылғандар арасында Матан Ангрест, Гали және Зив Берман ағайындылары, Алон Охель, Эйтан Мор, Омри Миран және Гай Гильбоа-Даллал бар екені хабарланды.