Евразия24ЖаңалықтарИндонезия Қаржы министрі елді қамтыған екі апталық наразылықтардан кейін қызметінен босатылды

Индонезия Қаржы министрі елді қамтыған екі апталық наразылықтардан кейін қызметінен босатылды

|

|

Гонконг, 8 қыркүйек. ИНТЕРФАКС – Индонезияда екі аптаға созылған жаппай халық наразылығынан кейін Қаржы министрі Шри Муляни Индравати қызметінен кетті. Бұл туралы елдің Мемлекеттік хатшылық министрі Прасетхо Хади хабарлады. Алайда оның орнына кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз.

Батыс ақпарат құралдарының мәліметінше, Индравати — ел тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен қаржы министрлерінің бірі. Ол бұл лауазымды 2005–2010 және 2016–2025 жылдары атқарған. Министр ретінде ол салық жүйесін реформалап, COVID-19 пандемиясы кезінде және басқа да дағдарыс жағдайларында экономиканы тұрақтандыруға үлес қосқан.

Наразылықтар тамыздың соңында Джакартада басталды. Бұған парламент депутаттарына ай сайын тұрғын үйге жұмсалатын шығындар үшін қосымша өтемақы беру туралы ақпарат себеп болған. Қоғам тарапынан сынға ұшыраған бұл бастама елде азық-түлік бағасы, салық пен жұмыссыздық деңгейі өсіп тұрған тұста айтылды.

Наразылықтар елдің өзге өңірлеріне де тарады. Джакартада курьер жүргізушісінің полицей көлігінің соқтығысуынан қаза табуы жағдайды ушықтырды. Содан кейін Медан (Солтүстік Суматра), Суракарта мен Магеланг (Орталық Ява), Маланг (Шығыс Ява), Бенкулу (Суматра аралындағы Бенкулу провинциясы), Пеканбару (Риау провинциясы) және Маноквари (Батыс Папуа) қалаларында да шерулер мен полициямен қақтығыстар тіркелді.

Наразылық барысында бірқатар шерушілер тіпті Шри Муляни Индраватидің үйіне баса-көктеп кіріп үлгерген.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Алкоголь саудасына шектеу

ІІМ алкоголь өнімдерінің сатылымына шектеу қою бастамасын қоғамдағы қылмыс деңгейімен байланыстырып отыр. Алайда Бас прокуратураның ресми статистикасы  мүлде басқа үрдісті көрсетеді: 2022 жылдан бері Қазақстанда алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар саны тұрақты түрде азайып келеді.

ЕАЭО интеграциясы: экономикалық өсім мен еңбек нарығындағы оң серпін

 Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметі бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі экономикалық интеграцияның бизнес жүргізу жағдайларына оң ықпалын жоғары бағалады. Бұл туралы 2024 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша дайындалған баяндамада айтылған.

Электромобильдерге жеңілдік керек: «Ақ жол» фракциясы ұсыныс жасады

Өкінішке қарай, елімізде кейде жақсы бастамалар өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік алмай жатып тоқтап қалады. Үкімет бұл мәселені арнайы депутаттық ұсынысты күтпестен-ақ өз бетінше талдап, жеңілдік режимінің тиімділігін бағалап, оны ұзарту мәселесін күн тәртібіне қоюы тиіс еді.

БРИКС: жаңа экономикалық күш және жаһандық тепе-теңдіктің өзегі

Экономикалық және саяси салмағы артып келе жатқан дамушы елдер альянсы – БРИКС – 2026 жылы өз дамуындағы маңызды кезеңдерді атап өтпек. Атап айтқанда, Екатеринбург қаласында өткен алғашқы саммитке 17 жыл (2009), ал бірлестіктің негізін қалаған алғашқы министрлік кездесулерге 20 жыл (2006) толады. Айта кетерлік жайт: БРИКС-тің құрылтайшылары – Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай – бастапқыда ұйым құруды мақсат тұтпаған. Мұндай идеяны британдық экономист, Goldman Sachs инвестициялық банкінің өкілі Джим О’Нил 2001 жылы ұсынды. Ол «BRIC» атауын енгізіп, бұл төрттік XXI ғасырда жаһандық экономиканың басты қозғаушы күшіне айналып, G7 елдерін экономикалық әлеуеті жағынан басып озуы мүмкін екенін айтқан еді.