Евразия24ЖаңалықтарИран АҚШ-пен қарым-қатынаста алдағы күндері дипломатиялық ілгерілеуге үміт артып отыр

Иран АҚШ-пен қарым-қатынаста алдағы күндері дипломатиялық ілгерілеуге үміт артып отыр

|

|

Дубай. 2 ақпан. ИНТЕРФАКС – Тегеран АҚШ-пен арадағы шиеленісті қатынастарды реттеу үшін дипломатиялық тетіктерді қарастырып жатыр. Бұл туралы Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеді, деп хабарлайды батыс бұқаралық ақпарат құралдары.

«Иран АҚШ-пен арадағы шиеленісті төмендетуге бағытталған түрлі дипломатиялық үдерістердің тетіктерін зерделеп отыр», – деді Бағаи дүйсенбі күні.

Сонымен қатар ол Тегеранның «алдағы күндері нақты нәтижелер болады деп үміттенетінін» атап өтті.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеран мен Вашингтон ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздер өткізіп, келісімге келе алатынын айтқан болатын.

«АҚШ-тың келіссөздер тобы президент Трамп айтқан ұстанымдарды – әділ келісімге қол жеткізу және ядролық қарудың болмауын қамтамасыз ету қағидаларын басшылыққа алса, жаңа келіссөздер жүргізуге мүмкіндік бар деп санаймын», – деді Аракчи CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс аймағындағы бірқатар достас елдер араағайындық рөл атқарып, екі тарап арасындағы өзара сенімді қалпына келтіруге күш салуда.

«Сындарлы келіссөздер сенімге негізделуі тиіс. Өкінішке қарай, біз АҚШ-ты келіссөз жүргізуші тарап ретінде сенімнен айырдық. Бұл сенім дағдарысын еңсеру қажет», – деп атап өтті Иранның сыртқы саясат ведомствосының басшысы.

Сонымен бірге Аракчи кейбір «жекелеген тараптардың» АҚШ-ты өз мүддесі үшін қақтығысқа тартуға ұмтылатынын айтты. Алайда ол АҚШ президенті Дональд Трампты «дұрыс шешім қабылдауға жеткілікті дәрежеде парасатты саясаткер» деп санайтынын жеткізді.

Соңғы апталарда Трамп Тегеранмен негізгі даулы мәселелер бойынша келісімге келуге үміт білдіріп жүргенін бірнеше рет мәлімдеген. Бұл мәлімдемелер Иран маңында АҚШ-тың елеулі әскери күштері шоғырланған жағдайда айтылуда.

Қазіргі АҚШ әкімшілігі Тегераннан өзге талаптармен қатар ядролық бағдарламадан бас тартуды және зымыран бағдарламасын шектеуді талап етіп отыр.

Перепечатка и копирование материалов допускаются только с указанием ссылки на eurasia24.media

Бөлісу:

Читать далее:
Related

Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығысты келіссөз арқылы шешуге шақырды

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Қожа Ахмет Ясауи ордені Қазақстанның мемлекеттік наградалары қатарына енгізіледі

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев: өткенге байланып қалмай, болашаққа ұмтылу қажет

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...

Тоқаев Түркістандағы Түркі мемлекеттері ұйымы саммитіне ерекше мән берілетінін атап өтті

Астана. 21 наурыз. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев...